Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880) сәйкес жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады. Кепілгер стипендиатпен бірге ортақ жауапкершілік көтереді және Стипендиат «Болашақ» стипендиясынан айырылған немесе одан бас тартқан жағдайда оқу шығындарын өтеуге міндеттенеді.
Мысалы: Менің жасым 49-да, Қостанай қаласында 5 жылдан бері дәрігер болып жұмыс істеймін және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты үшін кепілгер болуды жоспарлап отырмын. Мен кепілгер бола аламын ба және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы алдындағы міндеттемелерім қандай болады?
Иә, Сіз кепілгер бола аласыз, себебі жасыңыз 50-ден төмен және соңғы 12 ай ішінде тұрақты табысыңыз бар. Сізбен кепілдік шарты жасалады, оған сәйкес Сіз «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы бағдарламасының стипендиатымен бірге ортақ жауапкершілік қабылдайсыз. Бұл дегеніміз, егер стипендиат бағдарлама талаптарын бұзса немесе орындамаса, ол Сізбен бірге оның оқуына жұмсалған шығындарды өтеуге міндетті болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) (бұдан әрі – ЖМБС) 2-тармағының 9) тармақшасына https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028916 сәйкес, докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 академиялық кредитті міндетті түрде игере отырып, философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін берумен ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар бакалавриат пен магистратурада сабақ өткізуге тартылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) педагогтерінің (профессор-оқытушылар құрамының) кәсіптік стандартына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/rus/docs/G23HN000591 сәйкес, білім беру саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (ғылыми-педагогикалық магистратура), жоғары білімі бар оқытушының, ассистенттің, маманның студентке бағдарланған оқыту мен бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыруға және өткізуге құқығы бар.
ЖЖОБҰ дәрістерді «ғылым кандидаты» немесе «ғылым докторы» ғылыми дәрежесі немесе «философия докторы (PhD)» дәрежесі бар, сондай-ақ тиісті ғылымдар магистрі дәрежесі бар оқытушылардың және (немесе) оқытушы лауазымында кемінде үш жыл еңбек өтілі немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар аға оқытушылардың оқуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 4-тармағына https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319 сәйкес, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша барлық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің оқуды сабақтан тыс уақытта жұмыспен ұштастыруға құқығы бар.
Мысалы: Мен Алматы қаласындағы университеттердің бірінің докторантымын, білім беру гранты бойынша оқимын. Докторантурадағы оқуыммен қатар мектепте мұғалім немесе өз университетімде оқытушы болып жұмыс істей аламын ба?
Иә, докторантурада оқып жатқан кезде Сіз оқудан бос уақытта мектепте мұғалім болып жұмыс істей аласыз немесе жоғары оқу орнында оқытушы ретінде сабақ бере аласыз.
Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) (бұдан әрі – ЖМБС) 32-тармағына https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028916 сәйкес, жоғары білім беру бағдарламасы негізінде оқуға түскен білім алушылардың қысқартылған оқу мерзімдері бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуы үшін академиялық кредиттердің саны мен жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) формальды және формальды емес білім берудің бұған дейін қол жеткізілген оқу нәтижелерін тануды ескере отырып, дербес анықтайды.
Мысалы: Мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегімін, басқа білім беру бағдарламасы бойынша екінші жоғары білім алғым келеді. Менің бірінші жоғары білім бойынша оқу нәтижелерім және Coursera платформасында өткен курстарымның нәтижелері есепке алына ма?
Иә, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМББС) сәйкес, бірінші жоғары білімнің және формальды емес білім берудің академиялық кредиттерін Оқу нәтижелерін тану комиссиясының (ЖЖОБҰ‑да құрылады) шешімімен танылады.
Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028916 сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде оқуға түскен кезде және жоғары білімнің білім беру бағдарламасының бейіні мен (немесе) сабақтастығы жоғары білімнің, техникалық және кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің оқу нәтижелері автоматты түрде танылады, игерілетін академиялық кредиттер саны мен оқу мерзімі қысқартылады.
Оқу нәтижелері пререквизиттер (пререквизит – бұл оқу бағдарламасына қол жеткізу үшін орындалуы қажет алдын ала талап) ретінде сәйкес келген жағдайда, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің (оқу орнын бітіру) жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білім берудің (курстардан өту) оқу нәтижелері қайта саналып есепке алынады.
Мысалы, мен Астана қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжінің түлегімін. Өз мамандығым бойынша ALT университетінде оқуымды жалғастырғым келеді. Менің оқу нәтижелерім есепке алына ма? Оқу мерзімі қысқартыла ма?
Иә, есепке алынады, оқу мерзіміңіз қысқартылады. Университет сіздің бұған дейін алған біліміңіз бен дағдыларыңызды ескере отырып, жеке оқу жоспарын құрады. Қайта саналатын кредиттер саны және, сәйкесінше, оқу мерзімінің қысқартылуы сіздің алдыңғы оқу бағдарламаңызды бағалау нәтижелеріне байланысты болады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім беру саласындағы заңнаманың және білім берудің мемлекеттік стандарттарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z1343).
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 2-тармағына, 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізілімі және (немесе) тексеру кестесі негізінде бақылау органы бақылау субъектісін мемлекеттік бақылаудың басталуы туралы оның басталуына кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын күнін көрсете отырып жазбаша түрде ескертуге міндетті (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375).
Хабарлама қолма-қол табыс етіледі, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық поштасына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
Мысалы, Алматы қаласындағы ЖЖОКБҰ-лардың біріне мемлекеттік бақылауды жүргізудің басталатыны туралы хабарлама жіберіліп, оны бақылау субъектісі ағымдағы жылдың 20 сәуірінде алған. Осы субъектіге қатысты мемлекеттік бақылау тек ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап, яғни 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген жағдайда, тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті осындай аударымдар және (немесе) жарналар төлеу тоқтатылған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімде алуға құқылы. Бұл ретте аталған құқық төленбеген кезең үшін қорға жарналарды төлеу міндетінен босатпайды (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405).
«Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» (бұдан әрі – ЖББП) ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, Сіз Нархоз университетінің түлегісіз және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ешқайсысында тіркелмегенсіз. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) ақпараттық жүйелеріндегі мәртебеңіздің өзектілігін нақтылау үшін 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына немесе ЕХӘҚМ-не жүгіну қажет.
Мысалы: Егер ЖЖОКБҰ-да оқуды аяқтауына байланысты түлекті оқудан шығару туралы бұйрық 2025 жылғы 20 маусымда шығарылса, онда үш ай ішінде (шілде, тамыз, қыркүйек), яғни 2025 жылғы қазан айына дейін түлекте студент мәртебесі сақталады.
Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын өту шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағында көрсетілген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және мына шығыстарға ақы төлеуді қамтиды:
1) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;
2) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету;
3) үміткерлер үшін кешенді тестілеу жүргізу;
4) сараптама комиссиясы мүшелерінің үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізуі;
5) визаны (консулдық алым) ресімдеу, ұзарту;
6) ғылыми тағылымдамадан өту;
7) ғылыми тағылымдама өтетін елдің, конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуін жүзеге асыратын шетелдік жетекші жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге ұйымдардың талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтер;
8) тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға, тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыс нормалары туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдама өтетін елде тұру, тамақтану және оқу әдебиетін сатып алу;
9) ғылыми тағылымдама өтетін елдің және шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеру;
10) жазатайым жағдайлардан және аурулардың кенеттен пайда болуынан шетелдік азаматтар үшін көзделген медициналық сақтандыру;
11) ғылыми тағылымдамалар тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін және кері қарай жол жүру;
12) ғылыми тағылымдамадан өту жөнінде қызметтер көрсету шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты шетелдік әріптестердің шығыстары.
Мысалы:
Мен Мельбурн университетінде (Австралия Одағы) «Экологиялық қауіпсіздік» бойынша ғылыми тағылымдамадан өтемін. Мен Қазақстанға жеке істерім (отбасылық іс-шара) бойынша шұғыл түрде баруым керек. Авиабилеттерді сатып алуға жұмсалған қаржы маған өтеле ме?
Жоқ, өйткені Қағидалардың 5-тармағына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін және кері қарай жол жүру арналған шығыстар өтеледі. Тағылымдамадан өту барысында қосымша (міндетті емес) шығындарды Сіз өз қаражатыңыз есебінен төлейсіз.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығына «Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау кезінде қабылдау квоталарының мөлшерін бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033174) сәйкес, бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін қабылдау квотасы жоғары білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының 2 пайызы мөлшерінде белгіленген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518) сәйкес, бала (балалар) – он сегіз жасқа толмаған (кәмелетке толмаған) адам болып табылады.
Осылайша, «бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін» квота тек 18 жасқа толғанға дейін қолданылады. Кәмелет жасына толғаннан кейін адам бала мәртебесінен айырылады, сәйкесінше осы квотаны қолдану үшін негіз де өз күшін жояды.
Ал I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда дербес санат ретінде квота бойынша конкурсқа қатыса алады.
Мысал:
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар тапсыру кезінде азамат К-ның жасы – 18 жыл және 1 ай. Ол мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арналған қабылдау квотасына үміттене ала ма?
Жоқ, 18 жастан кейін квота қолданылмайды, себебі заңнамаға сәйкес бала болып саналмайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығына «Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау кезіндегі қабылдау квоталарының мөлшерін бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033174) сәйкес, шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасы азаматтары үшін жоғары оқу орындарына түсу кезінде қабылдау квотасы бекітілген, ол бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының 2,5 пайызын құрайды.
Мерзімді әскери қызметті аяқтаған азаматтар бірыңғай ұлттық тестілеуден өтіп, қабылдау ережелерінің талаптарын орындаған жағдайда, белгіленген квота шеңберінде мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына, сондай-ақ жалпы негізде конкурсқа қатыса алады.
Мысалы: Қазіргі уақытта шақыру бойынша мерзімді әскери қызметті өткеріп жүрмін. Қызметті аяқтағаннан кейін мемлекеттік білім беру грантына түсе аламын ба?
Иә, шақыру мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтар мемлекеттік білім беру грантына үміткер болуға құқылы. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, қабылдау талаптарын орындаған жағдайда грант конкурсына жалпы негізде де, сондай-ақ арнайы 2,5% квота шеңберінде де қатыса алады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатын Мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады https://egov.kz/cms/kk.
Қызметтің атауы – «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру. Қызмет көрсету мерзімі – 30 (отыз) минут.
Мысалы:
Мен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде University of Exeter (Ұлыбритания) университетінде «Мемлекеттік саясат, Саясаттану, Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратурада оқыдым. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша білім алғанымды растайтын анықтаманы қалай және қайдан алуға болады?
Иә, Сіз «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты екеніңізді растайтын анықтаманы «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ала аласыз. Қызмет 30 минут ішінде көрсетіледі.