Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650) сәйкес шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) түсуге құқылы.
Оқуға қабылдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін қабылдау қағидаларына, сондай-ақ халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Шетел азаматтары ЖЖОКБҰ келесі негіздер бойынша оқи алады:
білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар негізінде ақылы түрде;
мемлекеттер арасындағы халықаралық келісімдер шеңберінде;
тиісті шарттар мен конкурстық іріктеу болған жағдайда стипендиялық бағдарламалар мен білім беру гранттары бойынша.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығы «Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017520) (бұдан әрі – Ереже).
Мысал, Мен, Е.Қайратов, Моңғолия Республикасының азаматы, ұлтым – қазақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне мемлекеттік білім беру гранты бойынша түсе аламын ба?
Иә, Стипендиялық бағдарламаларға қатысу Ережесіне сәйкес, Сіз Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына стипендиялық бағдарлама шеңберінде оқуға түсуге құқылысыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына «Жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012894) сәйкес жол жүру шығыстары бойынша өтемақы келесі санаттағы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушыларға төленеді:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарына – жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде, 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына – жылына бір рет, 4 АЕК мөлшерінде.
Мысал:
А. есімді азаматтың сұрағы түсті: Алматы қаласындағы университеттердің бірінде ақылы негізде оқимын. Көкшетау қаласындағы тұрғылықты жеріме дейінгі жол жүру шығындары маған өтеледі ме?
Жоқ, Сіз бұл жол жүру төлемдеріне үміт арта алмайсыз, себебі Сіз мемлекеттік білім беру гранты иегері болып табылмайсыз.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 18 бұйрығымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) өзгерістер енгізіліп, 2026 жылғы 23 наурызда күшіне енді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037860
Енгізілген өзгерістер шеңберінде біліктілік талаптарына магистратураның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін оқытылатын пәндер бейініне білім мен ғылыми дәреженің сәйкестігіне баламалы көрсеткіштер енгізілді. Магистратурада жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін оқытушылар құрамына қойылатын біліктілік талаптарының 21-тармағына (21.2-тармақшасы) сәйкес мынадай критерийлер белгіленген:
оқытушылардың білімінің және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі;
не:
оқытушылардың білімінің және (немесе)1 ғылыми дәрежесінің (кандидат/ғылым докторы) немесе ғылыми дәрежесінің (PhD философия докторы/осы саладағы докторы) және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми атағының оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі және оқытылатын пәндер бейіні бойынша соңғы бес жыл ішінде бірінші немесе екінші деңгейдегі Басылымдар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409 жарияланған кемінде 3 (үш) мақаланың, сонымен қатар мақаланың жарияланған сәтінде JCR (ZhSR) бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded дерекқорларының (Science Citation Index Expanded), Social Science Citation Index (Social) бірінде индекстелген Web of Science Core Collection (Web of Science Core Collection) ішіндегі Science Citation Index) немесе Arts and Humanities Citation Index (Arts End Humanities Citation Index) немесе Scopus дерекқорындағы CiteScore пайыздық ұпайы кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланған ғылыми журналда оқытылатын пәндер бейіні бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде жарияланған кемінде 1 (бір) ғылыми мақала (article) немесе шолудың (review) болуы.
1«...және (немесе)... болған жағдайда» немесе ретінде түсіндіріледі.
Мысалы.
ЖЖОКБҰ-да азаматша А. магистратурада «Құқық» кадрларын даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының пәндерін оқытуға ниет білдірді. Оның «Философия» мамандығы бойынша жоғары білімі, сондай-ақ «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар, сонымен бірге «Құқық» бейіні бойынша ғылыми еңбектер циклынің, атап айтқанда, соңғы бес жылда ғылыми басылымда жарияланған оқытылатын пән бейіні бойынша тізбенің бірінші немесе екінші деңгейінің 3 (үш) мақаланың, сондай-ақ мақаланың жарияланған сәтінде халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы Scopus (Скопус) дерекқорындағы көрсеткіші CiteScore (СайтСкор) пайыздық ұпайы кемінде 25 пайыздан кем емес соңғы бес жылдағы 1 (бір) мақаласы бар авторы болып табылады. Азаматша А. Біліктілік талаптарының критерийлеріне сәйкес ғылыми дәрежесі мен ғылыми-зерттеу қызметінің көрсеткіштері «Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес келеді, осылайша ол магистратурада «Құқық» кадрларды даярлау бағытының пәндерін жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz//kaz/docs/V1100006976 жоғары және (немесе) жоғары оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға және кредиттерді меңгеруге, өзі оқитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруға, орташа үлгерім балын көтеруге (GPA), аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде қос дипломды білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламасын игеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).
Мысалы: Мен Нархоз университетінің бітіруші курсының студентімін, бір оқу пәні бойынша академиялық үлгерімсіздігім бар, жазғы семестрге өтініш бердім, бірақ менің өтінішім қабылданбады. Университет дұрыс істеді ме?
Иә, дұрыс, бітіруші курстар үшін жазғы семестр көзделмеген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz//kaz/docs/V1100006976 каникулдар білім алушыларға оқу жылы ішінде кемінде 2 рет беріледі, бітіруші курсты қоспағанда, демалыстың жалпы ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрауы тиіс.
Мысалы:
Мен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентімін, жазда каникул кезінде жұмыс істегім келеді. Жазғы демалыс қанша уақытқа созылады?
Каникул білім алушыларға жылына кемінде 2 рет, оқу семестрлері аяқталғаннан кейін беріледі.
Егер «Болашақ» стипендиясын алғаннан кейін шетелдік жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламасы жабылса немесе елеулі түрде өзгертілсе, стипендиат дереу «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамға хабарлауы және жоғары оқу орнынан (бұдан әрі – ЖОО) растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) өтініш жазып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне кіретін ЖОО-дан сабақтас мамандық бойынша шақыру ұсынуы қажет.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінде туындайтын жеке мәселелер, өтініштер және стандартты емес жағдайлар Комиссияның қарауына жатады.
Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №454 бұйрығымен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033390.
Мысалы: Мен, Мейрам, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. University of South Florida (Америка Құрама Штаттары) университетіне оқуға түстім және қыркүйек айында оқуға кетуім керек еді. Алайда университеттен білім беру бағдарламамның жабылғаны туралы хабарлама алдым. Енді не істеуім керек? Мейрам, Сізге University of South Florida университетінен білім беру бағдарламасының жабылғаны туралы ресми растауды, сабақтас мамандық бойынша жаңартылған шақыруды және Комиссияға өтініш ұсыну қажет.
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929) 15-1-тармағы бойынша диссертация қорғауын өткізу үшін диссертациялық кеңеске құжаттармен материалдарды диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы дайындайды.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы қорғауды дайындау және өткізу үшін келесі функцияларды атқарады:
1) қорғауға қабылдау және қорғауды өткізу рәсімдерін ұйымдастырады;
2) диссертацияны ресми рецензенттерге, «Антиплагиат» жүйесі бойынша тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығына, оғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) кітапханасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына жібереді;
3) диссертациялық кеңестің қызметі бойынша хат-хабарды жолдайды;
4) диссертациялық кеңестің сайтында докторанттың қорғауы бойынша материалдар мен ақпаратты орналастырады;
5) диссертациялық кеңестің отырысына материалдар мен ақпарат дайындайды, оның ішінде онлайн қатысу, дауыс беру және интернетте тікелей трансляция жүргізу үшін бағдарламалық және техникалық құралдарды дайындығын қамтамасыз етеді;
6) қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңестің құжаттарын ресімдейді;
7) қорғау ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-да өткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолдау үшін аттестаттау істі дайындайды.
Бұл ретте ресми хат алмасу ғалым хатшының корпоративтік поштасы арқылы жүреді. Ғалым хатшының міндеттерін басқа адамдарға, оның ішінде докторантқа жүктеуге жол берілмейді.
Мысалы, ғалым хатшы докторант С.-тің диссертациясын ресми рецензенттерге жіберген кезде рецензияны жіберу үшін докторант С.-тің электрондық поштасын көрсетті. Бұған жол берілмейді, себебі докторанттың қорғауы бойынша барлық хат-хабар ғалым хатшының корпоративтік поштасы арқылы жіберілу және қабылдану керек.
Ғылыми атақтар беру қағидаларының (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) (бұдан әрі – Ережелер) 2-1 – тармағына сәйкес, (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939), ғылыми атақтар Ғылыми бағыттардың сыныптауышына (бұдан әрі – Сыныптауыш) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000466) сәйкес айқындалатын мамандық бойынша беріледі. Сыныптауышқа сәйкес 50904 – «Туризм» мамандығы сыныптауыштың үшінші деңгейіне жатады және дербес ғылыми саланы білдіреді. Сондықтан, аттестаттау ісін қарау кезінде зерттеу нәтижелері «Туризм» ғылыми саласына тәуелсіз мамандық ретінде жататын басылымдар ғана ескеріледі.
Ережелердің 4 және 5-тармақтарының 2)-тармақшасына сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтар үміткердің мамандығына сәйкес ғылыми жарияланымдар болған кезде беріледі. Бұл талап міндетті болып табылады және ғылыми зерттеулердің пәнаралық сипатына не кадрлар даярлаудың салалық ерекшелігіне қарамастан қолдануға жатады.
«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми басылымдарының тізбесіне (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) кіретін және дене шынықтыру проблемаларына арналған ғылыми журналында жарияланған мақалалар журналдың бөліміне қарамастан «Туризм» мамандығы бойынша есептелмейді.
Мысалы, үміткердің мақаласы «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» журналында жарияланған. Бұл журнал педагогикалық бағыт бойынша Комитеттің басылымдар тізбесінің 2-тізіміне кіреді. Сондықтан 50904 – Туризм мамандығы бойынша ғылыми атақ беруге үміткер үшін ол мақала есепке алынбайды, себебі бұл журнал Комитеттің басылымдар тізбесінің Педагогика бағыты бойынша кіреді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – Тізім) тізімін келесі көрсеткіштерге сәйкес қалыптастырады:
- ғылыми орталықтар мен өзге де ұйымдар үшін көрсеткіш – Тізімді қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес халықаралық ғылыми институттардың SCImago Institutions Rankings (Саймаго) рейтингінің алғашқы 1000 (мың) позициясының қатарына енуі;
- шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін көрсеткіш – Тізімді қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік университеттерінің халықаралық QS University Rankings by Subject (Квакарелли Саймондс) рейтингінің алғашқы 100 (жүз) позициясының қатарына енуі.
Мысалы: Сәлеметсіз бе! Менің атым Алмас, мен ғылыми тағылымдамадан өткім келеді. Жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізімімен қай жерден танысуға болады және олар қандай қағидат бойынша осы Тізімге енгізіледі?
Алмас, Тізім оны қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес жасақталады: шетелдік жоғары оқу орны халықаралық QS University Rankings by Subject рейтингінің алғашқы 100 позициясының қатарына, ал шетелдік ғылыми ұйым халықаралық SCImago Institutions Rankings рейтингінің алғашқы 1000 позициясының қатарына енуі тиіс.
Тізіммен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтында келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://bolashak.gov.kz/kz/ym%D1%96tkerge-ns-bojynsha/zhoo-lar-gylymi-ortalyktar-yjymdar.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы қолданыстағы қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) шетелдік жоғары оқу орнының шақыруында көрсетілген мамандықтың атауы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесінде көзделген мамандықтың атауына сәйкес келмейтін жағдайларды жеке қарастыру мүмкіндігі қарастырылмаған.
Осыған байланысты құжаттар қолданыстағы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылуы мүмкін.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573
Мысалы: Қайырлы күн! Менің атым – Қанат, менде «Клиникалық стоматология» мамандығы бойынша шетелдік жоғары оқу орнының шақыруы бар, алайда басым мамандықтар тізімінде бұл мамандық жоқ. Мамандық болмаған кезде жеке қарастыруға бола ма Қайырлы күн Қанат! «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің қолданыстағы ережелерінде жеке қарастыру мүмкіндігін көздейтін норма жоқ. Сіз қолданыстағы Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды ұсына аласыз. Ағымдағы тізіммен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан сілтеме бойынша танысуға болады.