Жиі қойылатын сұрақтар

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің оқудан бос уақытында оқуды жұмыспен ұштастыруға құқығы бар.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000116), мемлекеттік стипендия білім алушыларға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тағайындалады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының азаматы оқудан бос уақытында негізгі штаттық қызметкер ретінде жұмыс істей алады және стипендия тағайындау қағидаларына сәйкес стипендия ала алады.

Бұл ретте білім алушының жеке оқу жоспары жұмыс кестесіне қайшы келмеуі тиіс, яғни жұмысқа тек оқу сабақтарынан бос кезеңдерде ғана жол беріледі.

Мысалы, азамат К. Астана қаласы мекемелерінің бірінде даяшы болып жұмыс істейді және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасында оқиды. Оның жеке оқу жоспарына сәйкес сабақтар аптасына төрт рет 15:30-ға дейін, ал жұмыс уақыты 18:00-ден басталады. Бұл жағдайда азамат К. оқуды сабақтан бос уақытта жұмысымен ұштастырады және белгіленген ережелерге сәйкес мемлекеттік стипендия алуға құқылы.