Жиі қойылатын сұрақтар
Жасанды интеллект саласындағы даярлық тек ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушыларды ғана емес, сонымен қатар таңдалған білім беру бағдарламасына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім алушыларын да қамтиды. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы №1311 Жарлығымен бекітілген Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясында бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2600001311.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028916, ЖЖОКБҰ жасанды интеллектіні қолдану құзыреттерін меңгеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
Мысал:
Алматы қаласынан А. деген азамат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына жатпайтын даярлау бағыты бойынша білім беру грантын енді ғана иеленіп, оқу барысында ЖЖОКБҰ-да жасанды интеллект саласында қосымша базалық құзыреттерді меңгере аламын ба деген сұрақпен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінді.
Өтініш берушіге даярлау бағытына қарамастан, ЖЖОКБҰ білім алушылары үшін цифрлық сауаттылықтың базалық деңгейі қарастырылғаны түсіндірілді.
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033345 гранттарды тағайындау Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттарының балдарына сәйкес нақты білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Алайда, кейде ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектер білім беру гранттарынсыз қалып жатады.
Бұл гранттардың бәсекелестік жүйеде таңдалған мамандықтардың кезектілігі және мемлекеттің кадрларға деген қажеттілігінің болжамдары негізінде қалыптасатын шектеулі орындар саны бойынша бөлінуіне байланысты. Жоғары балл – бұл автоматты түрде грант алу құқығы емес, тек өлшемшарттардың бірі ғана.
Жыл сайын денсаулық сақтау, құқық, қаржы, маркетинг, халықаралық қатынастар, журналистика, математика мұғалімдері, шет тілдері, криптология сияқты мамандықтарға тұрақты түрде жоғары конкурс сақталады. Іс жүзінде бір орынға 7-ден 35 адамға дейін үміткер болады.
Сонымен бірге конкурсқа өтініш беру кезінде талапкерлерде төрт мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігі бар, бұл олардың тек бірінші таңдауы бойынша емес, сонымен қатар әлеуметтік мәртебесі мен басқа да жетістіктерін ескере отырып, басқа таңдаулары бойынша да білім беру грантын алу мүмкіндігін кеңейтеді.
Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ел экономикасы үшін кадрларға деген қажеттіліктің орта мерзімді болжамына сүйенетінін атап өткен жөн. Тиісінше, жоғары балы бар талапкерлердің барлығы бірдей білім беру грантын ала алмайды.
ҰБТ-ның жоғары нәтижелері маңызды, бірақ Қазақстан Республикасында білім беру гранттары орындар санымен және экономиканың қажеттілігімен шектелген конкурстық бөлініс шеңберінде беріледі. Сондықтан ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтижелері бар кейбір дарынды түлектер білім беру грантынсыз қалады.
1-мысал:
Қанаттың ҰБТ балы – 100. Ол «B057 Ақпараттық технологиялар» БББТ көрсетті. Бұл БББТ бойынша шекті балл 95 болды. Білім беру гранттары бөлінген, конкурс бір орынға 5 адамды құрады. Қанатқа білім беру гранты тағайындалды.
Нұрсұлтанның ҰБТ балы – 125. Ол «B140 Халықаралық қатынастар және дипломатия» БББТ көрсетті. Бұл БББТ бойынша шекті балл 128 болды, ал бүкіл республика бойынша бары-жоғы 20 грант бөлінген. Конкурс бір орынға 35 адамды құрады. Нұрсұлтанның ҰБТ балы Қанаттан жоғары болса да, грантқа өте алмады.
2-мысал:
Әли ҰБТ-дан 85 балл жинады. Бұл жалпы конкурс бойынша «B009 Математика мұғалімдерін даярлау» БББТ бойынша шекті балдан (100 балл) төмен. Бұған қарамастан Әли ауылдық жерден болғандықтан, ауыл жастарына арналған қабылдау квотасы бойынша өтініш берді. Квота бойынша шекті балл 80 болды. Нәтижесінде Әли білім беру грантын алды. Қалалық балаларда ауылдық квота болмағандықтан, 90 балмен білім беру грантына өте алмады.
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033345 гранттарды тағайындау Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттарының балдарына сәйкес нақты білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Білім беру гранттарын алу конкурсын өткізу кезінде, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар құрамына қабылдау кезінде балдар тең болған жағдайда, мынадай кезектілік бойынша басым құқық беріледі:
1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар;
2) Отаншылдығы мен белсенді азаматтық позициясы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған адамдар;
3) біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдар;
4) Оқу-ағарту министрлігі белгілейтін тізбеге сәйкес соңғы үш жылдағы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы), сондай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, таңдаған мамандығы олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған);
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығысыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсететін көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар балалар және үздік білім туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.
«Алтын белгі» белгісінің немесе олимпиада жүлдегері мәртебесінің болуы Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балдарын алмастырмайтынын, ал тестілеу нәтижелері бірдей үміткерлер арасында білім беру грантын бөлу кезінде анықтаушы фактор болып табылатынын атап өткен жөн.
Мысал:
2026 жылы «В049 Құқық» білім беру бағдарламалары тобы бойынша бөлінген гранттардың соңғы орнына ҰБТ нәтижесі бойынша 118 балл жинаған екі талапкер үміткер болды. Талапкердің бірі «Алтын белгі» иегері (немесе республикалық олимпиада жүлдегері) болса, екіншісінде әдеттегі аттестат болған. Конкурс нәтижесінде грант «Алтын белгі» иегеріне берілді. Мұндай нәтиже неліктен тіркелді?
Бұл нәтиже конкурс қатысушыларының балдары тең болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басым құқықты жүзеге асыруға байланысты.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын бере отырып және (немесе) білім беру грантын тағайындай отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мүгедектік белгіленген қызметкерлер туралы растайтын құжаттары бар, конкурстан тыс білім беру грантын алуға үміткерлер туралы мәліметтерді орталық мемлекеттік органдар ұсынады.
Мысал:
Он бірінші сыныпта оқитын Дастанның әкесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде (бұдан әрі – Шекара қызметі) сержант болып қызмет атқарған және осыдан үш жыл бұрын қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан. Дастан мектепті аяқтаған бойда Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Дастанды конкурстан тыс мемлекеттік грант алуға үміткерлер тізіміне енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті үміткерлер тізімін қалыптастырып, бекіту үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жібереді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 8) тармақшасына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 білім беру грантын беру конкурсын өткізу кезінде кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларды қабылдау квотасы көзделген.
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №357 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033174 осы санат үшін квота көлемі гранттардың жалпы санынан пайыздық қатынаста бекітілген және ол 3%-ды құрайды.
Осылайша, толық емес отбасылардан шыққан талапкерлер (ата-анасының біреуі тәрбиелеп отырған) мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініш бере алады. Конкурс 13–20 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында жүзеге асырылады.
Мысал:
Он жеті жасар Даниярдың ата-анасы некесін үш жыл бұрын бұзған, оны анасы жалғыз тәрбиелеп отыр. Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін Данияр негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, күнтізбелік жылғы 13-20 шілде аралығында ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары арқылы немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: баланың туу туралы куәлігі, мерзімі кемінде үш жылды құрайтын некені бұзу туралы куәлік, анасының қайтадан некеге тұрмағаны туралы анықтама. ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарастырып, Даниярды квотасы бар талапкерлер тізіміне енгізеді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 білім беру грантын беру конкурсын өткізу кезінде төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін қабылдау квотасы көзделген.
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033174
аталған санат үшін квота көлемі гранттардың жалпы санынан пайыздық қатынаста бекітілген және ол 5%-ды құрайды.
Осылайша, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасынан шыққан талапкерлер мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініш бере алады. Конкурс 13–20 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында жүзеге асырылады.
Мысал:
Он жеті жасар Әлияның 14 және 11 жастағы екі інісі және 5-6 жастағы екі сіңлісі бар. Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін Әлия негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, күнтізбелік жылғы 13-20 шілде аралығында ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары арқылы не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында өзінің кәмелетке толмаған бауырларының құжаттарын ұсынуы тиіс: барлық балалардың туу туралы куәліктері, ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары және мемлекеттік жәрдемақы алушының куәлігі (бар болса). ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарастырып, Әлияны квотасы бар талапкерлер тізіміне енгізеді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319) жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі бөлімде жоғары білім алу үшін, тізбесін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының соңғы үш жылда бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтары өздері таңдаған мамандығы олимпиада немесе конкурс пәніне сәйкес келген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулерін ескере отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданған жағдайда (қаржылық шарттарды қоспағанда) конкурстық негізде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құқығы бар.
Мысалы:
Менің қызым биыл мектепті бітіреді, сондай-ақ шетелдік университеттен оқуға шақыру алды. Ол математика пәнінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы. Бұл олимпиада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының ресми сайтындағы олимпиадалар тізімінде бар. Ол «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелге бакалавриат бойынша оқуға бара ала ма?
Иә, сіздің қызыңыз бакалавриат бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады, бірақ бұл ретте олимпиада пәні өзі таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабына сәйкес, бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті өкілі бірқатар құқықтарға ие (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z155).
Атап айтқанда, бақылау субъектісі заңнамада көзделген жағдайларда, соның ішінде бақылау шарасын жүргізу құқығын растайтын қажетті құжаттар болмағанда, белгіленген хабарландыру мерзімдері сақталмағанда немесе бақылау жүргізу мерзімдері асқанда, бақылау органының лауазымды тұлғаларын бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізуге жібермеуге құқылы.
Бұдан басқа, бақылау субъектісі егер мәліметтер мен құжаттар бақылау нысанына жатпаса, оларды бермеуге, сондай-ақ бақылау органынан бақылау шарасын жүргізуге байланысты ақпарат пен құжаттарды алуға құқылы.
Мысалы, егер бақылау органының лауазымды тұлғалары тексеру жүргізу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) келсе, бірақ:
- құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе тексеруді тағайындау туралы актіні;
- тексеру парағын;
- қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
- құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын (қажет болған кезде) көрсетпесе, ЖЖОКБҰ оларды тексеруге жібермеуге құқылы.
Сол сияқты, ЖЖОКБҰ жүргізіліп жатқан тексерудің нысанына жатпайтын құжаттар мен мәліметтерді бермеуге құқылы.
Бұл ретте, лауазымды тұлғаларды тексеруге жібермеу құқығын іске асыру тек Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негіздер болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Осылайша, ЖЖОКБҰ мемлекеттік бақылау органының заңды талаптарын орындауға міндетті ғана емес, сонымен қатар бақылау шарасын жүргізу барысында өз заңды мүдделерін қорғауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z148).
Микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – 5 жұмыс күнінен аспауға және 5 жұмыс күніне дейін ұзартылуға тиіс;
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау мен қадағалау субъектілері үшін – 15 жұмыс күнінен аспауға және он 15 күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуға тиіс.
Бұл ретте, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мерзімдері қажет болған жағдайларда ғана (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу; бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау; зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алу) тек 1 рет ұзартылуы мүмкін.
Мысалы, егер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау 1 қыркүйекте басталса, оны жүргізу 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Мерзімді ұзартуға негіздер болған жағдайда, профилактикалық бақылау тағы ең көп дегенде 15 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде авиациялық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайтын тәртіппен жұмыс өтеуге міндетті.
Мысал: Менің қызым 2027 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша «Авиациялық техника және технологиялар» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) аяқтайды. Ол мемлекеттік грант бойынша қанша жыл жұмыспен өтеуге тиіс?
Сіздің қызыңыз ЖЖОКБҰ-дағы оқуын аяқтағаннан кейін 5 (бес) жыл жұмыс өтеуге тиіс.