Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметін (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) тек Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығымен бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес лицензияны және/немесе оған қосымшасы бар болған жағдайда және білім беру бағдарламаларының Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген жағдайда жүзеге асыра алады.

Білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028916 бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленуі тиіс (бұдан әрі – МЖМС), денсаулық сақтау саласы бойынша білім беру бағдарламалары қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028716 және 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрықтарына сәйкес әзірленеді https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031672.

Білім беру бағдарламалары оқу кезеңінің толық мерзімін қамту керек және мемлекеттік тілде және оқу тілі(дері) бойынша әзірленуі қажет.

Интеграциялық медициналық бағдарламалар үшін (медицина, педиатрия, стоматология) бойынша бакалавриат, магистратура және резидентура деңгейлеріне арналған лицензияға қосымшалардың болуы міндеттеледі.

Мысал, Жоғары және (немесе) одан кейінгі білім беру ұйымдары магистратурада жаңа білім беру бағдарламасын іске қосты. Ол МЖМС сәйкес әзірленіп, ғылыми кеңесте бекітілді. Сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдар, білікті оқытушылар құрамы және материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілді.

Алайда білім беру ұйымы білім беру бағдарламасын Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (немесе өкілетті органның) Білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізбестен, лицензияға қосымша алу үшін өтініш берді. Осыған байланысты ұйымға лицензияға қосымша беру туралы дәлелді бас тарту жасалды.