Жиі қойылатын сұрақтар

Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін құжат-Кеден одағының техникалық регламенті «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі» КО ТР  007/2011.

Мектеп формасын, киім-кешекті, аяқ киімді, мектеп керек-жарақтарын сатып алу кезінде тауарда міндетті түрде таңбалау немесе жапсырманың болуы маңызды. Бұл жапсырмада келесі ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде анық, шынайы түрде көрсетілуі тиіс:

  • өндіруші елдің атауы;
  • өндірушінің, импорттаушының, дистрибьютордың атауы мен мекен-жайы;
  • өнімнің атауы;
  • өндірілген күні;
  • нарықта айналымға шығару біркелкі белгісі;
  • қызмет ету мерзімі (қажет болса);
  • кепілдік мерзімі (қажет болса).

Киімнің таңбалануы, міндетті талаптарға қосымша былай болуы тиіс: матаның түрі мен құрамы, өнімнің өлшемі, қолдану барысында күтім жасау белгілері (қажет болса).