Жиі қойылатын сұрақтар
Сауықтыру ұйымдарының жұмысы біртұтас нормативтік құқықтық актілер кешенімен реттеледі, атап айтқанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі; ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары; «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы.
Пайдаланылған төсек-орын жабдықтары арнайы пакеттерге (қапшықтарға) жиналады.
Таза төсек-орынды ашық күйде тасымалдауға жол берілмейді.
- Бөлмелер мен ортақ пайдаланылатын орындарда күн сайын ылғалды жинау және желдету жүргізіледі.
- Кілемдер қағылады, жұмсақ жиһаздар тазартылады.
- Ванна, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу тетіктері және есік тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.
Тұрғын бөлмелерде ауаны баптау қамтамасыз етіледі. Егер орталық ауа баптау жүйесі болмаса, ғимарат сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
Желдету жүйесі бөгде иістердің таралуын болдырмауы тиіс.
Қонақүйлердің үй-жайлары ҚР ДСМ-15 бұйрығы талаптарына сәйкес жарықтандыру нормаларымен қамтамасыз етіледі
1–2 жұлдызды қонақүйлер мен хостелдердің тұрғын қабаттарында, егер тұрғын бөлмелер шудан қорғалған болса, бар, кафе, буфет, телевизиялық қонақ бөлмесі, іскерлік кездесу бөлмесі, балалар бөлмесі сияқты қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.
Алайда қоғамдық үй-жайларды тұрғын бөлмелермен аралас орналастыруға болмайды.
Хостелде асхана немесе ас үй, өз-өзіне қызмет көрсету арқылы тамақ дайындауға және ішуге арналған бөлмелер болуы тиіс. Олар қажетті жабдықтармен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтайтын ыдыстармен қамтамасыз етіледі.
Әрбір 15 адамға кемінде:
- 1 дәретхана кабинасы
- 1 қол жуғыш
- 1 себезгі кабинасы қарастырылады.
Оларды бөлек тұрған ғимараттарда, сондай-ақ жеке кіреберісі болған жағдайда көп функционалды ғимараттар мен көппәтерлі тұрғын үйлер құрамында орналастыруға болады. Тұрғын үй-жайларды жертөле және цокольдық қабаттарда орналастыруға жол берілмейді.
Қонақүйлер мен хостелдерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың талаптарымен реттеледі.