Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жиынтығының болуы көзделеді және төсек-орынды, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізілуі тиіс.
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 52 тармағына сәйкес, оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ уақытында желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларында өтпелі желдету жүзеге асырылады. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді білім алушылар мен тәрбиеленушілер болмаған кезде жүргізеді.
"Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығының 66 тармағына сәйкес, білім беру ұйымының басшысы денсаулық сақтау органы бекіткен перспективалы мәзірге сәйкес күн сайын тарату-мәзірін және алдағы күнге арналған мәзірді бекітеді, мәзір асханада және оқушылардың заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде, сондай-ақ білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Балалардың тамақтану сапасының мониторингісі жөніндегі Комиссия (бракеражды комиссия) білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде сапалы, теңгерімді тамақтануды, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын ұйымдастыруға, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына мониторингті жүзеге асырады.
Комиссияның міндеттері:
- ас блогында жұмыстың ұйымдастырылуын, тамақ өнімдерінің сапасын, оны тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау жағдайларын бақылау;
- тамақ өнімдерін дайындау технологиясының сақталуын және оны өткізу мерзімдерін бақылау;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау;
- тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобына тамақтануды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау.
Комиссия төрағасы білім беру ұйымының басшысы болып табылады. Комиссия құрамы міндетті түрде медицина қызметкерін, білім беру объектісі әкімшілігі мүшелерін, ас блогындағы өндіріс меңгерушісін немесе қызмет көрсетушіні, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес өкілдерін қоса отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия қызметінің алгоритмі: күнделікті медицина қызметкері немесе жауапты тұлға журналға жазбалар енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді; Комиссия апта сайын пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына, күнделікті мәзірдің перспективті мәзірге сәйкестілігіне мониторингті жүзеге асырады; Комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қаралып, оның интернет-ресурсінде ақпарат түрінде орналастырыла отырып, рәсімделеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 83 тармағына сай топтардағы киім шешетін бөлмелер сыртқы киімге арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады. Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және бас киімге арналған сөрелермен және сыртқы киімге арналған ілмектермен жабдықталады.
Обеспечивается свободный доступ обучающихся и воспитанников к питьевой воде в течение всего времени их пребывания на объектах. Режим питьевой воды организуется через стационарные фонтаны питьевой воды и кулеры (диспенсеры) для питьевой воды, расфасованные в емкости (графины, чайники, бочки и другие) или бутыли. Питьевая вода в расфасованных или бутылках по показателям качества и безопасности должна соответствовать требованиям документов нормирования.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 75 тармағына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді. Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған лагерьлер тізімі жаңартылып жарияланып отырады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығының 123 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес объектіде медициналық қызметкер "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 071/у нысаны бойынша "Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама" деген денсаулық жағдайы туралы құжат, инфекциялық аурулармен байланысы жоқ деген анықтама бар болған кезде лагерьге балаларды қабылдау іс-шараларын жүргізеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - нысанның жұмысы басталғанға дейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардан алынатын міндетті рұқсат құжаты. Бұл құжат ғимараттың, судың, тамақтану блогының және аумақтың бекітілген санитарлық қағидаларға толық сәйкестігін растайды.