Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 2 бөлімінің 7 тармағына сәйкес қоғамдық тамақтандыру объектілері көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналастыруға болады. Құрылысқа жер учаскесін таңдау, жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау және қайта бейіндеу кезінде тамақтану объектілері жеке тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда да, тұрғын және қоғамдық ғимараттарға жапсарласүй-жайларда да, тұрғын ғимараттардың тұрғын емес қабаттарында, қоғамдық ғимараттарда, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жертөле және цокольдық қабаттарында, жер асты өткелдерінде де осы Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтай отырып, тамақтану объектісінің өзінің де, ол салынатын ғимараттың да барлық функционалдық сипаттамаларын сақтай отырып орналастырылады.
Тамақтану объектісін орналастыру кезінде адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына факторлардың адамға зиянды әсер етуіне, адамның денсаулығы үшін оның тыныс-тіршілігі (тұру) жағдайларының, тамақтану объектілері орналасқан қоғамдық және әкімшілік ғимараттардағы жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нашарлауына жол берілмейді.
Есепке алу нөмірі – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код. Есепке алу нөмірі аумақтық бөлімшелермен тағайындалады және тамақ өнімін өндіру объектісі қызметінің барлық кезеңіне беріледі.
Мемлекеттік қызметті беру тәсілі: "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі
- нысанның НҚА сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция – пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктан пайда болатын кез келген инфекциялық ауру немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру.
Медициналық ұйым бойынша медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция ретінде есепке алынуға жатады:
1) Жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары, егер шығарылғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде көрінсе, жалпыланған Нысандар – шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуге байланысты инфекциялық асқынулар-шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;
3) хирургиялық араласулардың инфекциялық асқынулары, шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде, имплантант болған кезде-операция жүргізілгеннен кейін бір жыл ішінде.
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу:
- Сапалы және тиімді антисептиктерді қолдану
- Үй-жайда үнемі дезинфекциялық іс-шаралар өткізу
- Антисептика және асептика ережелерін нақты сақтау
- Барлық құралдарды зарарсыздандыру және зарарсыздандыру алдындағы өңдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
Туберкулез – өкпе мен лимфа түйіндерінде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Туберкулез – негізінен өкпені зақымдайды, бірақ сүйек, бүйрек, ми мен ми қабықтарының, тері, көз және басқа мүшелердің туберкулезі болуы мүмкін.
Туберкулездің таралу жолдары қандай?
- Түшкіргенде және жөтелгенде (ауа – тамшылар).
- Тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ, төсек-орын, сүлгі арқылы).
Негізгі клиникалық симптомдар: 1.жөтел (2 апта немесе одан да көп) 2.әлсіздік 3. дене температурасының көтерілуі 4.тершендік 5. кеудедегі ауырсыну 6.тәбеттің төмендеуі, салмақ азаюы 7.шаршау 8. қан түкіру
Алдын алу шаралары:
1. Жаңа туылған нәрестелерге туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинациясын жүргізу (босанғаннан кейін 2-4 тәулікте перзентханада)
2. Жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өту және балаларды Манту реакциясына тексеру.
3. Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау және салауатты өмір салтын сақтау.