Жиі қойылатын сұрақтар
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мөрiмен (ол болған кезде) бекемделген, жарғысының телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешімінен үзiндi көшірмесі;
3) Жарғы түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат ұсынылады.
Аталған құжаттарды тапсыру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.арқылы жүзеге асырылады.
Ұйымның басшысы (жұмыс берушi) жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда сот орындаушысы қызметкерге орташа жалақысын немесе қызметкердi жұмысқа қайта қабылдау туралы шешiм шығарылған күннен бастап оны орындаған күнге дейiнгi бүкіл уақыт үшін жалақысының айырмасын төлеу туралы, сондай-ақ ұйым басшысынан (жұмыс берушіден) мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы қаулы шығару жөнiндегі ұсыныспен сотқа жүгінеді.
Жұмысқа қайта қабылдау туралы шешiмнiң орындалуы жұмыс беруші жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы өзінің заңсыз актісінің күшін жою туралы акт шығарғаннан кейiн жұмыстан заңсыз босатылған немесе ауыстырылған қызметкер бұрынғы мiндеттерiн атқаруға iс жүзiнде кіріскен сәттен бастап аяқталған болып есептеледi.
Сот орындаушысы қаулыда өзі жіберіп алған жаңылыс жазуларды немесе көрінеу арифметикалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың өтініші бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулымен енгізіледі.
Сот орындаушысының заңды талаптары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 19 бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды сараптама кеңесі және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарағанға дейін, интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Занының 44-2 бабына сәйкес мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысында:мүліктің меншік иелері бірлестігінің атауы, қызмет нысанасы мен мақсаттары, орналасқан жері; басқару органдарының құрылымы, оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті;пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері;мүліктің меншік иелері бірлестігінің мүлкін қалыптастыру көздері;мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; мүліктің меншік иелері бірлестігі таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі, оны қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату шарттары көзделуге тиіс.
Мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
Жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады.
Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді.
Тағылымдамадан өту мәселелері бойынша Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 27/1 мекенжайы бойынша Ақтөбе облысының Нотариаттық палатасына жүгіну қажет.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам Нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.
Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы берешекті айқындау туралы қаулы шығарады және «атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мәжбүрлеу шараларын қолданады және өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
https://aisoip.adilet.gov.kz басты парақшасында «Атқарушылық құжатты іздеу» функциясы бар, сот орындаушы туралы мәліметті білу үшін, тиісті терезеде борышкердің немесе өндіріп алушының ЖСН/БСН енгізу қажет, сол кезде жүйе сот орындаушының аты-жөнін, тегін көрсетеді.
Содан кейін, «Әрекет ететін ЖСО» бөлімінде Сіз оның байланыс мәлеметтерін таба аласыз (мекенжайы, телефон, электронды поштасы).
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі
Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн ескерту жасау немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі және заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламағаны үшін ескерту жасау немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.