Жиі қойылатын сұрақтар
Егер:
1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе;
2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса;
3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса;
4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе;
5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе;
6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады.
Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде борышкер сот санкциялаған сот орындаушысының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.
- Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады.
- Шақыру туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуінің дәлелді себептері деп: борышкердің келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, борышкердің тағайындалған мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де себептер танылады. Борышкер шақыру бойынша тағайындалған мерзімге келуіне кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған сот орындаушысын хабардар етуге міндетті.
- Күштеп әкелу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкерге оны орындаудың алдында хабарлайды, бұл оның қаулыға қол қоюымен куәландырылады.
Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қаулыға белгі қойылады.
- Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиісті денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелуге жатпайды.
Сот орындаушысы қаулыда өзі жіберіп алған жаңылыс жазуларды немесе көрінеу арифметикалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың өтініші бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулымен енгізіледі.
Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.
ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 60 бабына сәйкес, ҚР Үкіметінің НҚА ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша ҚР Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.
Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген НҚА ресми түсіндірмені соларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.
Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты НҚА өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алады.
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар ұсынымдық сипатқа ие.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін келесілер қажет:
- «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы (egov.kz, www.elicense.kz) лицензия алу үшін құжаттарды жолдау;
- Өтініш пен мәліметтер нысанын толтыру (арыз берушінің жеке басына қатысты деректер, диплом, тағылымдамадан өту туралы мәліметтер);
- Лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (6 АЕК, 2020 жылы – 16668 теңгені құрайды);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер,
судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың нөмірі, қабылданған күні, судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні, босату негізі (Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін); - Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес атқаратын лауазымынан босату себебін қамтитын прокуратура немесе тергеу органдарында жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (теріс себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі).
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады, яғни бұл құжаттарды тапсыру талап етілмейді.
- Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны беру мерзімі – 15 жұмыс күні.
Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, келесі жылжымайтын мүліктер тіркеуге жатады:
1) меншік құқығы;
2) шаруашылық жүргізу құқығы (бұл құқықпен тек мемлекеттік мекемелер иеленеді);
3) оралымды басқару құқығы (бұл құқықпен тек мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер иеленеді);
4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.
Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 142-бабының 5-тармағына сәйкес, аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар;
3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;
4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.
Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде мұндай өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз жүзеге асырылады. Бұл өзгерістерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, елді мекендердің атауы, көшелердің аты, жылжымайтын мүліктің реттік нөмірлері өзгерген кезде меншік иесіне «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы КЕ АҚ жүгіну қажет емес.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) және есептік тіркеуден шығаруды «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.