Жиі қойылатын сұрақтар
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 1-бабының 21-1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаларда мекенжай мәтіндік мәнде көрсетілгеннен кейін мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі-МТК) сандық мәнде көрсетіледі, ол "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі жақшаның ішінде Регенерациялайтын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды болып табылады (МТК № он алты мәнді).
Осыған байланысты, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (МТ АЖ) - Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай деректерінің бірден-бір ресми көзі болып табылады.
МТ АЖ мекенжайлық мәліметтерді енгізу, олардың дұрыстығы, өзектілігі және дұрыстығы бойынша функциялар "Сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ құзыретіне жатады.
МТ АЖ сәулет бөлімінің қызметкерлерімен енгізілген мекенжай деректері автоматты түрде "Бірынғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры"деректер базасына беріледі.
Құқықтық кадастрда тіркеу соның негізінде жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру көрсетілген құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізіледі.
Егер тіркеу ісінде электрондық құжаттың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус береді.
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 668-бабы).
Бұдан басқа, адвокаттың сұратқан оның кәсіби міндеттерін орындауға қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді толық көлемде ұсынбау мұндай құжаттарды адвокатқа заңнамада белгіленген мерзімде ұсынбау деп қараған жөн, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазалау белгілері болмаса, бұл ӘҚтК-нің 668-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа алып келеді (28-тармақ ҚР Жоғарғы Сотының 06.10.2017 ж. Нормативтік қаулысы «Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» №7 үшін).
ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес қол жеткізу шектелген ақпарат – бұл мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат.
Сонымен қатар, үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.
Адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау тәртібі ҚР Әділет министрлігімен келісілген адвокаттар алқасының Республикалық конференциясымен бекітілген.
Адвокаттық сұрау салу белгіленген нысанға сәйкес қағаз және электрондық нысанда да ресімделуі мүмкін (1 қосымша үлгі). Адвокат сұрау салуды электрондық нысанда жіберген кезде оған электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.
Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.
Адвокат қажетті құжаттардың көшірмелерін немесе түпнұсқаларын қоса береді. Мәтінде сұратылған мәліметтерді беру тәсілі (пошта байланысы, электрондық мекенжай, қолма-қол тапсыру немесе өзге де әдіс) көрсетіледі.
Адвокат осы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді ұсыну туралы көрсетілген органдар мен ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрау салуға құқылы.
Мемлекеттiк органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар адвокаттың заң көмегiн көрсетуiне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi.
Егер ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған жағдайда, адвокатқа сұратылып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
Заңнаманы жетілдіру шеңберінде электрондық техникалық паспорт және жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын анықтау туралы қорытынды беру қызметі іске асырылды.
Өтініш беру және электрондық техникалық паспорт алу үшін тұрғын үй иесі egov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі қажет.
"Жылжымайтын мүлік" бөлімінде "Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру" қызметін таңдап, өтінімді толтырып және оған құқық белгілейтін құжаттың скан көшірмесін (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты және т. б.) тіркей отырып, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет.
Сонымен қатар, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жүргізу немесе төлем туралы түбіртекті бекіту қажет.
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңға сәйкес қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы қызметкерлерінің және басшыларының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық техникалық паспорт болып табылады.
Бұл қызметті автоматтандыру құжаттардың меншік иесінің Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өтінішпен жүгінбеуіне, бұл оның тарапынан болатын қаржылық және уақыт шығындарын қысқартатыны сөзсіз.
Кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтар объектінің орналасқан жеріне қарамастан, елдің кез келген нотариусында жылжымайтын мүлікпен мәміле жасай алады.
Осылайша, егер тараптар Астана қаласында болса, ал жылжымайтын мүлік объектісі Ақтөбе қаласында орналасқан болса, онда Ақтөбе қаласына барудың немесе сенімхат рәсімдеудің қажеті жоқ. Астана қаласының кез келген нотариусына жүгініп, мәмілені рәсімдеуге болады.
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы
www.egov.kz сайтына кіріңіз, құқықтық көмек, атқарушылық іс жүргізуді қозғау, бұдан әрі- Қызметке онлайн тапсырыс беру, «Сот кабинетінде» авторизациялау қажет, арыздың электрондық нысанын толтырыңыз, арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, оған ЭЦҚ қол қойып жіберіңіз.
Аумақтық әділет органына, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушыларына және электрондық үкіметтің www.egov.kz веб портал арқылы бере аласыз.