Жиі қойылатын сұрақтар
Өтініш, атқарушылық құжат, жеке куәлік
Жылжымайтын мүлік (Жылжымайтын мүлік) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың мақсатына шамадан тыс зиян келтірмей орнын ауыстыру мүмкін емес объектілер. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, ғимараттар мен құрылыстар белгілі бір орынмен тығыз байланысты барлық заттар жатады.
Бұл ретте жылжымайтын мүлік екі санатқа бөлінеді – бастапқы және екінші объектілер. Бастапқы объектілерге функционалдық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, қала құрылысы үшін маңызды объектілер, ал екінші объектілерге - жеке (бөлек) меншік құқығы объектілері (пәтерлер, жапсарлас үй-жайлар, бастапқы объектінің құрамына кіретін дүкендер, кеңселер) жатады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу-мүлікке құқықты растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату, айырбастау, мұрагерлік немесе жалға алу шарты Сіздің құқықтарыңызды растамайды, бірақ тіркеу үшін негіз болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мүліктің толыққанды иесі болу, өзін алаяқтықтан сақтау және одан әрі онымен кедергісіз операциялар жасау үшін қажет.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 39 бабының 2 тармағына сәйкес аттестаттауды өтуден келесі тұлғалар босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 1-бабының 21-1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаларда мекенжай мәтіндік мәнде көрсетілгеннен кейін мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі-МТК) сандық мәнде көрсетіледі, ол "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі жақшаның ішінде Регенерациялайтын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды болып табылады (МТК № он алты мәнді).
Осыған байланысты, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (МТ АЖ) - Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай деректерінің бірден-бір ресми көзі болып табылады.
АР АЖ мекенжайлық мәліметтерді енгізу, олардың дұрыстығы, өзектілігі және дұрыстығы бойынша функциялар "Сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ құзыретіне жатады.
Ар АЖ сәулет бөлімінің қызметкерлерімен енгізілген мекенжай деректері автоматты түрде "Жылжымайтын мүлік тіркелімі"деректер базасына беріледі.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес, конкурс негізінде жүргізіледі.
Жалпы конкурсқа тест рәсімдерінен алдын ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, жалпы конкурсқа қатысуға өтініш, қызметтік тізім, білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін тапсыру жеткілікті және конкурстың әңгімелесу сатысы қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар туралы хабарландырулар www.gov.kz сайтында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.
Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейiн борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлiк құнының он пайызы мөлшерiнде немесе мүлiктiк емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынады.
Борышкер бас тартқан жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы шығарылған қаулы негізінде атқарушылық санкциясын өндіріп алады.
Атқарушылық санкциясы, егер:
1) борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса;
2) атқарушылық құжат бойынша өндірілген сомадан он пайызы мөлшерінде өндірілуге тиісті атқарушылық санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса;
3) борышкер мемлекет болып табылса, өндірілмейді.
Атқарушылық санкциясы республикалық бюджетке аударылады.
Борышкер атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын дауға салу туралы арызбен, оны өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкциясын өндіріп алудан босату туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Берешекты өндіру туралы атқарушылық өндірісін орындау барысында, сот орындаушының қаулысымен борышкердің мүлігіне салынған тыйымды, берешегі өтілгені туралы дәлелдеме құжатынқоса жазбаша арызымен сот орындаушыға жүгіну арқылы алу мүмкін.
Сонымен қатар, орындауды қамтамасыз ету мақсатында соттын ұйғарымы негізінде мүлікке салынған тыйым, тыйымды салған сотпен алынады. Сотпен мүліктен тыйым алу туралы шығарылған ұйғарымы, сот орындаушыға орындау үшін талап етіледі.
Тыйым салынған мүлікке бағалау жүргізілгеннен кейін оны өткізу атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі бірыңғай электронды сауда-саттық алаңында электронды түрде сот орындаушысымен жүргізіледі.
Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
- бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;
- екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;
- үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен бекітілген, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларына сәйкес,азаматтарға заң жобалары тұжырымдамаларымен нормативтік құқықтық актілердіңжобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында(https://legalacts.egov.kz/)жария талқылау үшін қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Осылайша, азаматтар өз пікірлерін ұсынғысы келетін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуге бастамашылық жасалған жағдайда, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына кіріп, ұсыныстары мен ескертулерін орналастыра алады.
Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы. Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берiлген мерзiмін өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн