Онлайн қабылдау
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБерешекты өндіру туралы атқарушылық өндірісін орындау барысында, сот орындаушының қаулысымен борышкердің мүлігіне салынған тыйымды, берешегі өтілгені туралы дәлелдеме құжатынқоса жазбаша арызымен сот орындаушыға жүгіну арқылы алу мүмкін.
Сонымен қатар, орындауды қамтамасыз ету мақсатында соттын ұйғарымы негізінде мүлікке салынған тыйым, тыйымды салған сотпен алынады. Сотпен мүліктен тыйым алу туралы шығарылған ұйғарымы, сот орындаушыға орындау үшін талап етіледі.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін;
- борышкердің мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаған кезде (алимент өндіру бойынша);
- сондай-ақ борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде, атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сот берешегі болған жағдайда оны «Kaspi bank» қосымшасы арқылы Төлемдер – Айыппұлдар және төлемдер – «Сот берешектерін төлеу» бөлімінде өтеу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.
Берешектің бар-жоғын тексеру үшін өзіңіздің ЖСН енгізу қажет, содан соң қолданыстағы сот берешектері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қарызды өтеу үшін төлем әдісін таңдаған соң, қарыз автоматты түрде өтеледі және 30 минут ішінде елден шығуға салынған тыйымдар алынады.
Атқарушылық іс жүргізуде төлеуге арналған деректемелер көрсетілмеген жағдайда, атқарушылық өндіріс туралы ақпарат көрсетілуі мүмкін, алайда берешекті төлеу мүмкіндігі болмайды. Бұл жағдайда Сіз төлем туралы мәліметтерді алу үшін жеке сот орындаушысымен байланысуыңыз керек.
Сот орындаушыларының байланыс нөмірлері Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен және ҚР Электрондық үкіметінің сайтынан білуге болады (egov.kz).
Ерекшелік: алимент өндіру, заңды тұлғалардан өндіріп алу, сондай – ақ мүліктік емес сипаттағы өндіру туралы істер – борышкерден белгілі бір соманы талап етпейтін істер (жұмыстан шығару немесе жұмысқа қайта алу туралы).
2020 жылдың 7 қаңтарында пәтер иелері кооперативтерінің 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншіктің мүлік иелерінің бірлестігі(ММИБ) басады, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.
Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі - бұл бір үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының иелері құрған заңды тұлға (коммерциялық емес ұйым). Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.ММИБ әділет органдарында тіркелуі және өзінің жарғысы болуы қажет.
Жай серіктестік - барлық ортақ меншік иелерінің азаматтық-құқықтық шарт негізінде үйді бірлесіп басқаруы және күтіп ұстауы. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады, ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 43-1 бабының 3 тармағына сәйкес, жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
ММИБ тіркеу үшін мемлекеттік корпорация арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет: 1 АЕК мөлшерінде тіркеу төлемі туралы түбіртек; меншік иелері ММИБ құру және төрағаны сайлау туралы шешім қабылдаған жиналыстың хаттамасы. Жиналыс хаттамасы мен сауалнама парақтары ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, типтік нысан бойынша дайындалуы қажет. Дауыс беру парақтары нөмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек; Жарғы екі тілде, екі данада ұсынылуы керек. Негіз ретінде меншік иелері бірлестігінің типтік жарғысын алуға болады. Егер пәтер иелері өздерінің ММИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда жарғыда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44-2-бабында көрсетілген талаптар болуы қажет.
Саламатсыз ба! Иә, мүмкін.
ҚР әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою Қағидасына сәйкес, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде өтініш беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Электрондық апостиль ЭҮП арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.
Электрондық апостиль мөртабанының астында электрондық беттің мекенжайына сілтеме көрсетіледі https://egov.kz/cms/ru/services/apostil/apostil.
Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.
Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, электрондық апостиль - апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді.
ҚР- да жасалған әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін - 0,5 АЕК мемлекеттік баж салығы өндіріледі.