Жиі қойылатын сұрақтар
«Нотариат туралы» Заңның 54 бабының 2 тармағына сәйкес тiркелуге жататын жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу мен кепiлге салу шартын куәландыру сол мүлiк тұрған жерде жасалады, яғни сыйға беруді рәсімдеу үшін аталған ауыл қызмет ету аумағына кіретін нотариусқа жолығу қажет.
Тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады.
Сонымен қатар, табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады. Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.
Заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Дебиторлық берешектен:
1) оны өндіріп алу үшін талап қою мерзімі өтіп кеткен;
2) дебитор Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасаспаған шет мемлекетте тұратын;
3) дебитор таратылу процесінде тұрған;
4) дебитор заңды тұлға ретінде өз қызметін тоқтатқан және бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарып тасталған;
5) дебиторға қатысты банкроттық рәсімі енгізілген жағдайларда өндірілмейді.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңында белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:
1) мемлекеттік органдардың ішінде тең дәрежелі лауазымға;
2) мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, оның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңында белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:
1) мемлекеттік органдардың ішінде тең дәрежелі лауазымға;
2) мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, оның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.
Сот берешегі болған жағдайда оны «Kaspi bank» қосымшасы арқылы Төлемдер – Айыппұлдар және төлемдер – «Сот берешектерін төлеу» бөлімінде өтеу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.
Берешектің бар-жоғын тексеру үшін өзіңіздің ЖСН енгізу қажет, содан соң қолданыстағы сот берешектері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қарызды өтеу үшін төлем әдісін таңдаған соң, қарыз автоматты түрде өтеледі және 30 минут ішінде елден шығуға салынған тыйымдар алынады.
Атқарушылық іс жүргізуде төлеуге арналған деректемелер көрсетілмеген жағдайда, атқарушылық өндіріс туралы ақпарат көрсетілуі мүмкін, алайда берешекті төлеу мүмкіндігі болмайды. Бұл жағдайда Сіз төлем туралы мәліметтерді алу үшін жеке сот орындаушысымен байланысуыңыз керек.
Сот орындаушыларының байланыс нөмірлері Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен және ҚР Электрондық үкіметінің сайтынан білуге болады (egov.kz).
Ерекшелік: алимент өндіру, заңды тұлғалардан өндіріп алу, сондай – ақ мүліктік емес сипаттағы өндіру туралы істер – борышкерден белгілі бір соманы талап етпейтін істер (жұмыстан шығару немесе жұмысқа қайта алу туралы).
Сәлеметсіз бе! Жоқ, қажет емес. Себебі, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою туралы» Қағидаларының 88 тармағына сәйкес, 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, неке қию туралы акт жазбасына (егер ол автомоттық түрде қойылмаса) некені бұзу туралы белгі қойылады.
2020 жылдың 7 қаңтарында пәтер иелері кооперативтерінің 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншіктің мүлік иелерінің бірлестігі(ММИБ) басады, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.
Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі - бұл бір үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының иелері құрған заңды тұлға (коммерциялық емес ұйым). Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.ММИБ әділет органдарында тіркелуі және өзінің жарғысы болуы қажет.
Жай серіктестік - барлық ортақ меншік иелерінің азаматтық-құқықтық шарт негізінде үйді бірлесіп басқаруы және күтіп ұстауы. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады, ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 43-1 бабының 3 тармағына сәйкес, жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
ММИБ тіркеу үшін мемлекеттік корпорация арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет: 1 АЕК мөлшерінде тіркеу төлемі туралы түбіртек; меншік иелері ММИБ құру және төрағаны сайлау туралы шешім қабылдаған жиналыстың хаттамасы. Жиналыс хаттамасы мен сауалнама парақтары ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, типтік нысан бойынша дайындалуы қажет. Дауыс беру парақтары нөмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек; Жарғы екі тілде, екі данада ұсынылуы керек. Негіз ретінде меншік иелері бірлестігінің типтік жарғысын алуға болады. Егер пәтер иелері өздерінің ММИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда жарғыда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44-2-бабында көрсетілген талаптар болуы қажет.
Саламатсыз ба! Иә, мүмкін.
ҚР әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою Қағидасына сәйкес, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде өтініш беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Электрондық апостиль ЭҮП арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.
Электрондық апостиль мөртабанының астында электрондық беттің мекенжайына сілтеме көрсетіледі https://egov.kz/cms/ru/services/apostil/apostil.
Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.
Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, электрондық апостиль - апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді.
ҚР- да жасалған әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін - 0,5 АЕК мемлекеттік баж салығы өндіріледі.