Жиі қойылатын сұрақтар
- Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыныс сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.
- Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 457 бабына сәйкес, лауазымды адамның мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тiркеуге ұсынбауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларынан басқа, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде әзірлеуші органдар сараптама кеңестерінен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан тиісті сараптама қорытындыларын алу қажет.
Ауылдық округте нотариус болмаған жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы (әкімі немесе маманы) уәкілетті. Алайда, ауыл әкімдерінің нотариаттық іс-әрекеттер ауқымы шектеулі, ол құқылы:
1) өсиеттерді куәландыруға;
2) сенімхаттарды куәландыруға;
3) құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыруға;
4) өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыруға.
Сот орындаушысы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады
Үкіметтік емес ұйым (әрі қарай ҮЕҰ) – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда)
ҮЕҰ жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі түрінде құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшi елеусiз терiс қылық жасаған жағдайда, егер жазбаша түсiнiктемесiнде ол осы терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, онда уәкілетті адамның қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзбей ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiндегi жаза қолдануға құқығы бар.
Егер де, борышкердің мүлігі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу қолданылады. Бұл кезде борышкердің жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабына сәйкес кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.
арды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес, коммерциялық емес заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу, яғни заңды тұлғаның тұрғылықты орнының өзгеруі және жарғыны жаңа редакцияда қабылдаған кезде мемлекеттік корпорация немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды тіркей отыра өтініш беру қажет: өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі; енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы; бұрынғы құрылтай құжаттары; нақты орналасқан жерін растайтын құжаттар. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.