Жиі қойылатын сұрақтар

Егер «Болашақ» стипендиясын алғаннан кейін шетелдік жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламасы жабылса немесе елеулі түрде өзгертілсе, стипендиат дереу «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамға хабарлауы және жоғары оқу орнынан (бұдан әрі – ЖОО) растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) өтініш жазып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне кіретін ЖОО-дан сабақтас мамандық бойынша шақыру ұсынуы қажет.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінде туындайтын жеке мәселелер, өтініштер және стандартты емес жағдайлар Комиссияның қарауына жатады.

Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №454 бұйрығымен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033390.

Мысалы: Мен, Мейрам, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. University of South Florida (Америка Құрама Штаттары) университетіне оқуға түстім және қыркүйек айында оқуға кетуім керек еді. Алайда университеттен білім беру бағдарламамның жабылғаны туралы хабарлама алдым. Енді не істеуім керек? Мейрам, Сізге University of South Florida университетінен білім беру бағдарламасының жабылғаны туралы ресми растауды, сабақтас мамандық бойынша жаңартылған шақыруды және Комиссияға өтініш ұсыну қажет.