Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тарауының 10-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) тегі, есімі, әкесінің аты (ол бар болса) және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) атауы өзгерген жағдайда, аккредиттелген субъектілер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу туралы өтінішті және осы Қағидаларға 1-қосымшаның  9-тармағына сәйкес растаушы құжаттарды ұсынады, олардың негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бұрын берілген мерзімге сәйкес келетін қолданылу мерзімі бар жаңа куәлік беріледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626

Мысалы:

Айгерім К. (бұдан әрі – қызмет алушы) тұрмысқа шығуы себепті жұбайының фамилиясын алған. Осыған байланысты Қағиданың 1-қосымшасының 9-тармағына сәйкес растайтын құжаттар топтамасын жинақтап қайта ресімдеуге өтінім берді. Осылайша қызмет алушының қайта ресімдеу туралы өтінімі қарастырылып, ол кісіге алдында берілген мерзімге сәйкес жаңа куәлік берілді.