Жиі қойылатын сұрақтар

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880) сәйкес жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады. Кепілгер стипендиатпен бірге ортақ жауапкершілік көтереді және Стипендиат «Болашақ» стипендиясынан айырылған немесе одан бас тартқан жағдайда оқу шығындарын өтеуге міндеттенеді.

Мысалы: Менің жасым 49-да, Қостанай қаласында 5 жылдан бері дәрігер болып жұмыс істеймін және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты үшін кепілгер болуды жоспарлап отырмын. Мен кепілгер бола аламын ба және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы алдындағы міндеттемелерім қандай болады?

Иә, Сіз кепілгер бола аласыз, себебі жасыңыз 50-ден төмен және соңғы 12 ай ішінде тұрақты табысыңыз бар. Сізбен кепілдік шарты жасалады, оған сәйкес Сіз «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы бағдарламасының стипендиатымен бірге ортақ жауапкершілік қабылдайсыз. Бұл дегеніміз, егер стипендиат бағдарлама талаптарын бұзса немесе орындамаса, ол Сізбен бірге оның оқуына жұмсалған шығындарды өтеуге міндетті болады.