Жиі қойылатын сұрақтар

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 1-тармағына сәйкес борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтініші келіп түскен кезде банкроттық туралы іске бастамашылық жасаған кредитордың келісімімен сот өтініш келіп түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.

Одан әрі оңалту туралы іс қаралатын болады, банкроттық туралы іс тоқтатыла тұруға жатады.

Тиісінше, борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыны борышкер сотқа өтініш бергенге дейін келісім жасасқан уақытша әкімші жасайды.