Жиі қойылатын сұрақтар
Салық кодексінің 401-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың жеке салықтық шегерімдері айқындалған.
Салық кодексінің 403-бабына сәйкес базалық салықтық шегерім тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды және әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
220.00-СЕН нысанының 220.01.054 II-жолында Салық кодексінің 403-бабында көзделген базалық салықтық шегерімнің сомасы көрсетіледі
Салық кодексінің 363-бабының 4) тармақшасына сәйкес
300.00.025 және 300.00.026 жолдары — автоматты түрде немесе қолмен, түзету мүмкіндігімен, бұл ретте, толтырудың бұл схемасы форматтық-логикалық бақылаудың техникалық іске асырылуына сәйкес келеді.
Жеке тұлғаның қалауы бойынша көрсетіледі. Егер осы мүліктің бір бірлігінің бағасы (құны) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыстағы 1000 АЕК-тен асса және бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт негізінде жүргізілген бағалау туралы есепте оның құны айқындалған болса, онда ол декларацияда «басқа» мүлік ретінде көрсетіледі.
Қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер декларациясы тапсырылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетіледі.
Қызметті тоқтату үшін қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта жолдауы қажет. Бұл ретте ақпараттық жүйелерде тиісті салық кезеңі үшін барлық міндетті салықтық есептіліктер табыс етілуі тиіс. Тарату есептілігінің болмауы қызметті тоқтатудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қате браузерде деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты пайда болуы мүмкін екенін хабарлайды. МКК ақпараттық жүйелеріндегі деректер өзектендірілгеннен кейін браузер тарихын тазалап, Салық төлеуші кабинетіне қайта кіру қажет.
Егер қате қайталанса, knpsd@ecc.kz мекенжайы бойынша Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінің Салық төлеуші кабинетін қолдау қызметіне хабарласу қажет.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы керек.
Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.
Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн қалғаннан кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс.
Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарлар осы кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей, басқа кеден қоймасына қойылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.
- «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
- Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін айқындауға құқылы.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабының 4-тармағына сәйкес шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 15-сі күнінен кешіктірмей беруге тиіс.