Жиі қойылатын сұрақтар
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 121-бабының 2-тармағына сәйкес салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) банк шоттарындағы ақша есебінен;
2) дебиторлардың шоттарынан;
3) билік етуі шектелген мүлікті өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде.
Салық төлеуші хабарламада көрсетілген салық берешегінің сомасын өтеуі не салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей дебиторлық берешектің сомасын көрсете отырып, дебиторлардың тізімін ұсынуы қажет. Ұсынылған дебиторлар тізімі негізінде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомалары шегінде салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне олардың банктік шоттарынан ақша өндіріп алу туралы хабарлама жіберетін болады.
Салық кодексінің нормаларында салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері және салық берешегін өндіріп алу шаралары тәуекелдің орташа және жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты қолданылатыны көзделген.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы жояды.
Салық кодексінде салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы немесе банк кепілдігімен үш жылға дейінгі мерзімге салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыру/мерзiмiн ұзарту мүмкіндігі көзделген.
Шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органы қажетті құжаттарды қоса бере отырып, салық төлеушінің өтініші негізінде қабылдайды.
Салықтардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып мерзiмiн ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Салық сомаларын біржолғы төлеумен кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.
1) кепілге берілетін мүлік жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылуға тиіс;
2) мүліктің нарықтық құны кейінге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту кезеңіндегі есептелген өсімпұлды, сондай-ақ салық төлеуші салық төлеу кестесін бұзған жағдайда оны өткізуге арналған шығыстарды ескере отырып, салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініште көрсетілген салықтар сомасынан кем болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде кредиторлар жиналысы кредиторлар жиналысының отырыстарын өткізу туралы хабарламаны кредиторлар комитеті үшін көзделген тәртіппен, яғни отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, пошта арқылы тапсырысты хатпен жібереді.
Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өткеннен кейін қойылатын талаптар тізілімін қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 90,91 және 92-баптарының ережелерімен реттеледі.
Бұл жағдайда кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру жөніндегі міндеттер банкроттықты басқарушыға жүктеледі (Заңнынң 89-бабының 3-тармағы).