Құрылым

Мұғалжар ауданының әкімдігі

Мұғалжар ауданы - Ақтөбе облысының ауданы. Орталығы - Қандыағаш қаласы. Аудан Ақтөбе облысының орталық бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Алға және Хромтау аудандарымен, оңтүстігінде Байғанин және Шалқар аудандарымен, батысында Темір ауданымен және шығыста Әйтеке би ауданымен шектеседі. Ауданда 3 шағын қала, 12 ауылдық округтер мен 34 ауыл бар.

Халқы 67 062 адам (2024). Ұлты: қазақтар (92,6 %), орыстар (5,8 %), басқа ұлттар (1,6 %).

«Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Толығырақ

Ақтөбе қаласының әкімдігі

Қала 1869 жылы құрылған Ақтөбе бекінісінің (Ақ төбе) орнында пайда болды. 1932 жылы 10 наурызда Ақтөбе облысының орталығы болды.
Ақтөбе қаласы - Ақтөбе облысының облыстық орталығы, Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектеседі.
Қалалық әкімшіліктің құрамына 2 аудан кіреді: Астана және Алматы.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылдың басында Ақтөбе қаласының халық саны 570 475 адамды құрады, халықтың жалпы өсімі 12 180 адамды немесе 2,1% -. құрады (1 қарашадағы жағдай бойынша 582 655 адам).
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 90-90-92

Электрондық пошта:

a.beket@aktobe.gov.kz

Шалқар ауданы әкімдігі

Шалқар ауданы - Ақтөбе облысының әкімшілік ауданы. Аудан орталығы - Шалқар қаласы.

Шалқар ауданы 1921 жылы 21 қазанда Ақтөбе губерниясының құрамында құрылды. 1922 жылы 5 шілдеден бастап Шалқар округі ретінде аталды. 1932 жылы ол Ақтөбе облысына құрамына аударылды.

"Шалқар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін сапалы және уақтылы ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

87133521435

Электрондық пошта:

K.aksholak@aktobe.gov.kz

Қобда ауданы әкімдігі

Қобда ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1929 жылы құрылған. Жер аумағы 14 мың км². Аудан орталығы – Қобда ауылы. Тұрғындар саны 15777 адам (2023 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша). Ұлттық құрамы: қазақтар (81,92%), орыстар (10,53%), басқалары (7,55%). Аудан аумағындағы 31 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген.

Қобда ауданында: Ақсай, Әлия ауылы, Байтақ, Бегалы, Бестау, Бұлақ, Егіндібұлақ, Жаманкөл, Жаңаталап, Жарсай-2, Жарсай, Жарық, Жиренқопа, Жарық, Жиренқопа, Бесқұдық, Қанай, Қарағанды, Қаракемер, Қоғалы, Көк үй, Қосөткел, Құрсай, Қызылжар, Қобда, Ортақ, Өтек, Сарыбұлақ, Сөгәлі, Талдысай, Терісаққан.
Қобда ауданы әкімінің аппараты аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік материалдық –техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Толығырақ

Ырғыз ауданы әкімдігі

Ырғыз ауданы – Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. 01.01.2026 жылға тұрғындар саны 13337 адам. Ұлттық құрамы: қазақ 99,8%, орыс 0,1%, басқа ұлттар 0,1%. Аудан 1928 жылы құрылған, территориясы – 41,5 мың шаршы шақырым (облыс территориясының 13,8 %), Қостанай, Қарағанды облыстарымен, Қызылорда облысының Арал ауданымен, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Шалқар аудандарымен  шектеседі. Ауданда 18 елді мекен, 7 ауылдық округ бар.     

Ырғыз ауданы әкімінің аппараты аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік материалдық –техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

 

Толығырақ

Әйтеке би ауданы әкімдігі

Әйтеке би ауданы – Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Тұрғыны 26 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 0,9 адамнан келеді (2006). Ұлттық құрамы: қазақ 93,6%, орыс 4%, украин 0,9%, татар 0,4%. 2008 жылы шілдедегі есеп бойынша аудандағы тұрғындар саны 31277 адамды құрады. Аудан 1997 жылы Қарабұтақ пен Комсомол аудандарының таратылу нәтижесінде құрылды. Ауданда 32 елді мекен, 15 ауылдық округ бар. Аудан Ақтөбе облысынан 320 шақырым жерде, облыстың солтүстік-шығысында, Ресеймен шекаралас Ырғыз өзенінің бойында орналасқан.

Толығырақ

Алға ауданы әкімдігі

Алға ауданы - Қазақстанның Ақтөбе облысындағы екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік, облыстың солтүстігінде орналасқан.

1933 жылы Ключевой ауданы ретінде құрылған. 1963 жылы Алға ауданы болып өзгертілді. Ауданның әкімшілік орталығы-Алға қаласы. Аудан облыстың солтүстігінде орналасқан. Хромтау, Мұғалжар, Темір, Қобда және Мәртөк аудандарымен, сондай-ақ Ақтөбе қалалық әкімшілігінің аумағымен шектеседі. Алға ауданы 12 ауылдық округтен тұрады, оның құрамында 30 ауыл және бір аудандық маңызы бар қала бар. Аудан халқы 43794 адам құрайды (2024 жылдың 1 шілдеге).

«Алға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімі және әкімдігінің қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады

Толығырақ

Ойыл ауданы әкімдігі

Ойыл ауданы Ақтөбе облысының оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан. Аудан оңтүстігінде Атырау облысының Қызылқоға ауданымен, батысында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданымен, солтүстігінде Хобда ауданымен, шығысында Темір ауданымен, оңтүстік-шығысында Байғанин ауданымен шектеседі. Ауданның жалпы жер аумағы 1145686 гектар. Оның ішінде 1058844 гектар жер алқабы ауыл шаруашылығына пайдалануға жатады.
Ауданның 2024 жылдың 1 қарашасына халық саны 15620 адамды құрады. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 237 сәби дүниеге келсе, 75 адам қайтыс болған. Ауданға келушілер саны 720 адам, кеткендер саны1253 адам, көші –қон айырмасы -533 адам.
Ойыл ауданы 1930 жылы құрылған.
Қазіргі таңдағы әкімшілік қатынаста аудан құрамына 21 елді мекенді біріктіретін 7 ауылдық округ кіреді. Ауданда 7 тірек елді мекені бар, олар аудан орталығы Ойыл ауылы, Қаратал, Көптоғай, Сарбие, Қараой, Кемер және Құмжарған ауылдық елді мекендер кірген. Сонымен қатар 10 спутниктік елді мекен бар (Қарасу (Берсиев), Амангелді, Шұбарши, Қарасу (Көптоғай), Шиқұдық, Ақкемер, Ақжар, Қаракөл, Екпетал). Ауданның әкімшілік орталығы Ақтөбе қаласынан 286 шақырым және ең жақын темір жол станциясы – Шұбарқұдық (144 км).
Ауданды жер бетінің жоғары бор жыныстары жауып жатыр. Кейбір жерлерінде палеоген жыныстары ұшырасады. Жер қойнауында мұнай, газ, гипс, әктас, қиыршықтас, т.б. кен байлықтары барланған.
Аудан жерінен шығыстан батысқа қарай Ойыл өзені ағады. Оның Ащыойыл, Шағырлы, Қайыңды, Ботабай, Қиыл, Кенжалы, Қуырдақты, т.б. салалары бар. Бірнеше шағын көлдер (Қамыскөл, Соркөл, т.б.) орналасқан. Жер асты су қабаты жоғары бор және бор кезеңінің құрылымында шоғырланған.
Ауданның қазіргі қатынас жүйесі –автомобиль жолдары болып табылады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша: экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, қаржы, ауылшаруашылық және ветеринария, жер қатынастары, индустриялдық-инновациялық даму, төтенше жағдай, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және жол құрылысы, статистика, кірістер басқармасы, жылжымайтын мүлік, су, газ, электр беру, байланыс желілері, жұмыстарына басшылық жасап үйлестіру, аталған бөлімдерге берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, өз құзіреті шегінде басшылық ететін аудандық комиссиялар жұмыстарын үйлестіру. 

Толығырақ

Телефон:

8(71332)2-19-32

Электрондық пошта:

s.zaimoldin@aktobe.gov.kz

Хромтау ауданы әкімдігі

Хромтау ауданы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 12,9 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, бұл облыс аумағының 5,0% құрайды. Аудан бойынша орташа халық тығыздығы 1 адамға 0,3 шаршы км. құрайды. Облыстың төрт ауданымен (Әйтеке би, Алға, Мұғалжар және Қарғалы), сондай-ақ Ресей Федерациясы Орынбор облысының Домбаров ауданымен шектеседі. Аудан халқы 42,4 мың адамды құрайды (2018 жылдың 1 қаңтарына). Әкімшілік орталығы-Хромтау қаласы, Халқы 21,1 мың адам. Ауданда 14 ауылдық және 1 қалалық округ, барлығы 35 елді мекен бар.

Хромтау ауданы, Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриалды дамыған аймағы болып табылады. Өңір экономикасының негізгі бағыты-өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі.

Толығырақ

Темір ауданы әкімдігі

Темір ауданы – Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Орталығы – Шұбарқұдық кенті.

Қазіргі Темір ауданы 1972 жылы құрылған. Тұрғындар саны 35171 адам (2024). Ұлттық құрамы: қазақтар (96,4%), орыстар (1,5%), украиндар (0,25%), немістер (0,05%), татарлар (0,08%), басқалары (0,5%). 

Ауданда 24 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 9 ауылдық округке біріктірілген.

Толығырақ

Мәртөк ауданы әкімдігі

Мәртөк ауданы 1935 жылы 16 ақпанда құрылды Аудан Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Елек өзенінің жағасында, Ақтөбе қаласынан 75 км қашықтықта орналасқан және солтүстігінде Ресей Федерациясының Ақбұлақ Беляев Қуандық аудандарымен шығысында Қарғалы ауданымен батысында Қобда ауданымен оңтүстігінде Алға ауданымен және Ақтөбе қаласымен шектеседіМәртөк ауданы 6,6 мың шаршы км аумақты алып жатыр. Әкімшілікаумақтық жағынан аудан 32 елді мекенді қамтитын 13 ауылдық округке бөлінген. 2026 жылдың 1 қаңтар жағдайына халық саны 29 467 адамды құрайды

Толығырақ

Қарғалы ауданы әкімдігі

Қарғалы ауданы 1966 жылы 1 қаңтарда құрылды. Қарғалы ауданы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан және солтүстігі мен шығысында Ресеймен, батысында Мәртөк және оңтүстігінде Ақтөбе облысының Хромтау аудандарымен шектеседі. Қарғалы ауданының аумағы  4 999 шаршы км, әкімшілік-аумақтық жағынан аудан 15 елді мекенді қамтитын 8 ауылдық округке және 1 ауыл әкімдігіне  бөлінген. Аудан халқының саны 15,2 мың адамды құрайды. Аудан орталығы Бадамша ауылы, Ақтөбе қаласынан 125 км-дей жерде орналасқан. Аудан орталығының халық саны - 5,1 мың адам.
Толығырақ

Байғанин ауданының әкімдігі

Байғанин ауданы – 28 тамыз 1928 жыл құрылған, Ақтөбе облысының ауданы. Орналасқан аумағы – Ақтөбе облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік территориялық аумақ. Территориясы - 61,04 мың шаршы километр. Әкімшілік орталығы - Қарауылкелді ауылы. Байғанин ауданының территориясы солтүстігінде Темір, солтүстік-шығысында Мұғалжар, шығысында Шалқар аудандарымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысының Ойыл, Атырау облысының Қызылқоға, Жылой аудандарымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданымен, Қарақалпақстанмен шекараласады. Аудан облыс территориясының 5/1, яғни 20,3%, ал республика территориясының 2,19% алып жатыр. Аудан әкімшілік-территориялық бөлінуі бойынша 9 ауылдық округқа бөлінеді. Ауылдық округтер: Қарауылкелді, Көлтабан, Ащы, Қопа, Сартоғай, Жарқамыс, Қызылбұлақ, Жаңажол, Миялы.

Байғанин ауданы әкімдігінің миссиясы: облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Толығырақ