Құрылым

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы - азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Қуаныш Дәурен Ерланұлы

Телефон:

8 (7132) 74-75-27

Ақтөбе облысының білім басқармасы

Ақтөбе облысының білім басқармасы білім беру саласындағы қызметті үйлестіру мен басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Басқарманың негізгі міндеттері - мемлекеттік саясатты іске асыру және облыстың бірыңғай білім беру кеңістігін дамыту, білім берудің барлық деңгейінде қолжетімді әрі сапалы білім алуға мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен педагог қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қарамағындағы білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру және дамыту болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-23

Электрондық пошта:

b.kuzembaeva@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы

Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы Ақтөбе облысы аумағында жер қатынастары саласындағы реттеу мәселелерінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Басқарманың негізгі міндеттері - өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жер заңнамасын бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-34

Электрондық пошта:

n.erzhanov@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы

Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы ақпараттандыру, цифрландыру, байланыс және ақпаратқа қол жеткізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Басқарманың негізгі міндеттері - Ақтөбе облысында ақпараттандыру, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, байланыс және ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың және сервистік модельді іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру; экономиканың негізгі салалары мен қоғамдық өмірде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мен енгізуге жағдай жасау болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-30

Электрондық пошта:

a.otarbaev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы

Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы ветеринария саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Басқарманың негізгі міндеттері - ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге жәрдемдесу, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан сақтау және оларды емдеу, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуі мен таралуынан қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласында қызметті жүзеге асыру барысында қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны жою болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Сембай Айбек Қойшыбайұлы

Телефон:

8 (7132) 74-75-31

Электрондық пошта:

a.sembai@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу саласында іске асыру функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Басқарманың негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Қуантайұлы Қайрат

Телефон:

8 (7132) 74-75-28

Электрондық пошта:

k.kuantaiuly@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы - Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - Ақтөбе облысы аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын, сондай-ақ лицензиялау мен аттестаттауды жүзеге асыру болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Аманчин Султан Аскарулы

Телефон:

8 (7132) 54-29-45

Электрондық пошта:

s.amanchin@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы - орман және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, су шаруашылығын және қоршаған ортаны жақсарту саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыру, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ су қатынастарын реттеуге қатысу болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-21

Электрондық пошта:

i.espaganbetov@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Ақтөбе облысы аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - жастарға мемлекеттік қолдау көрсету, жастардың әлеуметтік-экономикалық саладағы қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейін айқындау, жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту және денсаулық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Толығырақ

Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын, халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сондай-ақ облыста жоғары білікті спортшылар мен спорттық резервті даярлау үшін жағдай жасауға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту үшін жағдай жасау, жоғары дәрежелі спортшылар мен спорттық резервті даярлау, сондай-ақ облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту болып табылады.

Толығырақ

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеті - энергетика, коммуналдық, тұрғын үй, су және газ шаруашылығы салаларында мемлекеттік реттеу мен басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Айтбаев Арысұлан Нұранұлы

Телефон:

8 (7132) 74-75-18

Электрондық пошта:

a.aitbaev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру және мемлекеттік тілді дамыту; Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру бағытында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру; мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының тілдерін оқытудың әдістемелік қамтамасыз етілуіне жағдай жасау; облыс деңгейінде мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру; облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Юнисова Алтынай Юнисқызы

Телефон:

74-75-26

Электрондық пошта:

a.yunisova@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету және іске асыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларға әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру, халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында өтініштерін қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және «электрондық мемлекеттік қызметтерді» дамыту, қылмыстық жаза өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру, сондай-ақ халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің құзыреті шегінде қамтамасыз ету және іске асыру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 56-00-43

Электрондық пошта:

l.urazbaeva@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; облыс аумағын қала құрылысы тұрғысынан игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және өзге де жобалық құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету; құрылыс саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау; республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысын ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-29

Электрондық пошта:

e.muzdybaev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет пен архив ісі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері – мәдениет пен архив ісі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан халқы мәдениетінің жаңғыруына, сақталуына, дамуына және таралуына бағытталған шараларды қабылдау; азаматтарды ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тарту арқылы патриоттық және эстетикалық тәрбие беру үшін жағдай жасау; мәдени құндылықтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету; мәдениет пен архив ісі саласында конституциялық құрылымды күшпен өзгертуді, мемлекеттің тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғыс пен әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және тектік үстемдік идеологиясын, сондай-ақ қатыгездік, зорлық-зомбылық пен порнография культін насихаттауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау; мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және меншік құқығын заңсыз беруге жол бермеу, сондай-ақ оларды заңсыз иеліктен қайтару жөнінде шаралар қабылдау; мәдениет және архив ісі саласында халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасау; азаматтардың ұлттық және мәдени бірегейлігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде ұлттық-мәдени қозғалыстарға қатысу, мәдени ұйымдар құру, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейту; Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының сақтауға қабылданған құжаттарын сақтау, жинақтау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру; облыстың мемлекеттік архивтерінде сақтаулы Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету; құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Искаков Медет Жұмабайұлы

Телефон:

8 (7132) 74-75-24

Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - облыс аумағында жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындығын арттыру, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында халықты, аумақты және экономиканы қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-33

Электрондық пошта:

n.utemuratov@aktobe.gov.k

Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы - Ақтөбе облысы аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тиімді үйлестіру жүйесін құру, қоғамда өнегелі басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру салаларында жетекшілік ететін атқарушы орган болып табылады.

Толығырақ

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы – ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері – облыстың азық-түлік қауіпсіздігін өсімдік шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерін тұрақты арттыру арқылы қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттық әлеуетін дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ машина-трактор паркін ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтандыру және механикаландыру деңгейін арттыру болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Әбтиев Асылхан Сержанұлы

Телефон:

8(7132) 74-75-19

Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы - экономика және мемлекеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын, басымдықтарын және негізгі бағыттарын қалыптастыру; әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен үйлесімде бюджеттік саясатты іске асыру; жергілікті атқарушы органдардың штат санын қысқартуға, шығыстарын азайтуға және (немесе) қайта бөлуге, соның ішінде функцияларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі шаралар кешенін қалыптастыру; аймақтық дамыту саласында саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-15

Электрондық пошта:

a.esenamanov@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының қаржы басқармасы

Ақтөбе облысының қаржы басқармасы мемлекеттік қаржыларды басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма жергілікті бюджетті орындау, сондай-ақ коммуналдық мүлік объектілерін басқару, иелік ету және пайдалану мәселелерінде уәкілетті орган болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - облыстық бюджетті орындауды ұйымдастыру; мемлекеттік органдардың бюджет қаражаттарын басқару тиімділігін бағалау жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік органдардың бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін орындау және мониторингілеу бойынша қызметін үйлестіру; басқару аппараты бойынша жоспарлы кезеңге бюджет қаражаты көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау; коммуналдық мүлік объектілерін басқару, иелік ету және пайдалану мәселелері бойынша жұмыс ұйымдастыру; мемлекеттік коммуналдық мүлік объектілері жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және жүзеге асыруға қатысу.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-16

Электрондық пошта:

e.tursyngaliev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік, индустриялық және инновациялық даму салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - өнеркәсіп, инновациялар және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі және облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, индустриялық-инновациялық жобаларды қолдау, сондай-ақ өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Әлібеков Досжан Серікұлы

Телефон:

8 (7132) 74-75-17

Электрондық пошта:

d.alibekov@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль және теміржол жолаушылар көлігі, сондай-ақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Қайыр Айбек Мергенбайұлы

Телефон:

8 (7132) 74-75-20

Электрондық пошта:

a.kaier@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 56-30-55

Электрондық пошта:

e.sultangereev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері - өңірдегі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы этномәдени бірлестіктермен өзара ынтымақтастық орнату, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайту болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Байнешов Әлібек Мұқтарұлы

Телефон:

8 (7132) 74-75-14

Электрондық пошта:

a.baineshov@aktobe.gov.kz