Аудан аумағы – 1 261 954 га. 2025 жылдың 1 қаңтарына аудан халқының жалпы саны-35767 адамды құрайды.
Әкімшілік жағынан аудан 10 ауылдық округке бөлінеді, оның құрамына 24 ауылдық елді мекен кіреді. Оның ішінде 5 тірек елді мекен (Алтықарасу, Қопа, Құмкұдық, Кеңқияқ, Шұбарқұдық ауылдары), 10 спутниктік елді мекен (Бабатай, Шибұлақ, Қалмаққырған, Шитүбек, Шұбаршы, Құмсай, пром ауылдары).Шұбарқұдық, Жақсымай ст., Жамбыл),
Аудан орталығы – Шұбарқұдық ауылы (халқы-14341 адам), Ақтөбе қаласының облыс орталығынан 180 км қашықтықта орналасқан.
Темір ауданының аумағы солтүстігінде Қобда ауданымен, солтүстік-шығысында Мұғалжар ауданымен, оңтүстігінде Байғанин ауданымен, батысында Ойыл ауданымен шектеседі.
Темір ауданы әкімдігінің міндеті: облыстың орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.