Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған
104
Газ қызметі103
Жедел жәрдем102
Полиция101
Өрт сөндіру қызметі
Қобда ауданы – 1929 жылы шілде айында, орталығы Новоалексеевка селосы болып құрылды. 1929 ж. Новоалексеевка селосында 2 фельдшер қызмет ететін дәрігерлік амбулатория жұмыс жасады. 1930 жылы аудандық атқару комитетінде денсаулық бөлімі ұйымдастырылды. Мұнда бір дәрігер, екі фельдшер және шешек ауруына қарсы егетін тағы да фельдшер жұмыс жасады.
Ауданда 34 мектеп жұмыс істеп тұрды, онда 35 оқытушы, оның ішінде 14-і қазақ. Жоғары білімді мұғалім болмады, мектептерде 1322 оқушы оқыды. Ауданда салауатсыздықты жоятын 12 мекен пункт, екі оқу үйі жұмыс жасады.
1931 жылы ауданда 36 колхоз болып, онда 3106 бас ірі қара, 629 қой, 1213 бас жылқы, 469 түйе бағылды, №48 ет совхозы мен №118 Жиренқопа совхоздары болды.
Қобда ауданы облыс орталығы Ақтөбеден 110 км. жерде, халқы 20115 адам, жер көлемі 14.0 мың. ш/км, 18 селолық округке бөлінген.
Аудан орталығы – Қобда ауылы, Ақтөбе – Қобда – Ақрап – Тұзтөбе тас жолының бойында орналасқан Орал – Ақтөбе, Мәртөк – Ойыл тас көтерме жолдары ауданды кесіп өтеді.
Ауылшаруашылық жері 1 млн.350 мың га, егістігі – 340 мың га, шабындық – 48 мың га, жайылым 950 мың га. Жердің көпшілігі қызыл-қоңыр топырақты. Аз шірінділігі қара топырақты далалық бірінші алқапта (орна). Ауданда пайдалы қазбалардан құрылыстық құм, тас, саз кездеседі. Мұнда бор және әкті саз балшықты тақта тастан құрылған теңіз деңгейінен 245 м биіктікте тұрған Ақшатау бар.
Мұхиттардан шалғай жатқандықтан климаты тым континентті (суыққа қарай тез өзгеру). Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы – 16 градус, шілдеде плюс 22 градус. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 280 м. Бұл өңірде Бора (таудан соғатын үскірік жел) Мұғалжар желі оңтүстік-шығыстан жиі соғады. 1911-1921-1931-1933-1946-1955-1975-1985-1998 жылдарда қатты қуаңшылық болған. Қобда жерінен өтетін өзендер – Елек, Қарғалы, Бабатай, Батпақты, Сарықобда, Қуағаш, Тамды, Қиыл, Ұлы Қобда, Бала Қобда.
Қобда болысы №4 ауыл Қобда мектебі елді мекенде 1903 жылы ашылды.
1991 ж. деректерге сүйінсек Қобда ауданында 156 кішігірім елді мекен болған.
Қазірде 41 мектеп, 23 орта, 12 орталау, 6 бастауыш, 1 кәсіптік мектеп жұмыс істейді.
Аудан бойынша табиғи өскен ормандар: Шоқпар, Сөгәлі тоғайы, Бесқопа қорығы, Құлакөл, Ақшат, Кезбақ жерлерінде табиғи өскен ақ қайың – көктерек тоғайы бар.
Ауданда тарихи ескерткіштер: Абат-Байтақ мазары, 12.ғ. Астана қаласы, Ұ.О. соғысы ардагерлерінің құрметіне, чекистерге, батырлар мен революционерлер И.Құрмановқа, халық көтерілісінің көшбасшысы И.Таймановқа қойылған ескерткіштер бар.
Мем. қорымдар, мешіт-медреселер көп болған. Ауданда мектеп- балабақша, гимназия, «Әлия»облыстық патриоттық тәрбие бері орталығы, Әлия мұражайы, мәдени ошақтары, «Қобыланды»мемориалдық кешені, кітапханалар, орталық аурухана, элеватор, май заводы, жол құрылыс мекемесі, телекоммуникация, пошта, санитарлы-эпидемиологиялық стансасы, ұлттық банкі жұмыс істейді.
«Қобда» сөзі иран тілінен аударғанда «су қоймасы» ұғымын білдіреді. Ежелгі тарихында Қобда өңірі ұлан байтақ жерімізді мекен қылған сақтар мен ғұндар, басқа да түркі тектес тайпалар, Жошы ханның хандығы кезінде, Алтын Орданың дәулетті баһадүр бектері, қазақтың бірлігін бір тудың астына біріктіру жолында «найза беріп жауға қойған» кіші жүздің аруақты батырлары, Әбілқайырдың тұсында орыс патшасының алдына бар уәж айтқан Әжібай бидің, Арал батырдың жері. Қобда жері қазақтың тарихи оқиғалары өткен өңір.
Отыз тоғыз түрлі эпостың кейіпкері Қарақыпшақ Қобыландының атының тұяғы дүбірлеткен Дүңгірлек суы, қалмақ ханы Омбы Дондукқа қарсы ұлы жорыққа бастаған Алтай батырдың ізі қалған жер.
Аңырақай шайқасында Райымбекпен үзеңгілес болған Жездібай,Малай батырды туған Бесқопа, Орынбор губерниясы «көрінбейтін әйел» атаған Пугачев көтерілісін жалғастырушы Сапар Мәтенқызының жорығы, Шейітсайдағы Исатай мәйіті осы өңірдің жел жеп, уақыт мүжіген жәдігерлері. Шыңғыс ханның баһадүр қолбасшысы Сүбітайдың, Орда хандары Әбілқайыр мен Барақтың, Жәнібектің жұрты ат тұяғын серпіген жер.
1775 жылы - Сапар (Сапура) Мәтенқызы халықты патшаға қарсы күресуге шақырып, үлкен қозғалысты бастаған.
1838 жылы - Шейітсай қорымында Исатай-Махамбеттің соңғы шайқасы өткен.
Дербісәлі, Сөгәлі, Қыз әулие, Бекпан, Бисен хазреттер аруағын ұрпағы пір тұтқан, қасиет тұнған қорымдары, киесі бар өлке.
Қобда жері әйгілі батыр бабаларының даңқын Ұлы Отан соғысы жылдарында лайықты жалғастырған шығыстың қос шынарының бірі Кеңес Одағының батыры ӘлияМолдағұлованың, Кеңес Одағының жеті батырының есімдерін мақтан еткен өңір. Олар И.Білтабанов, А.В. Терещенко, М.Т.Кошелев, М.П.Колесников, И.М.Пятковский, М.С.Прохоров, А.Жанзаков. Ауданнан 10290 адам соғысқа кетіп, оның 7635-ы шейіт болған.
Қобда өңірін екіге бөліп қарасақ: 1868 жылы патша ағзамның далалық облыстарды басқару ережесіне сәйкес 4 облыс болып құрылған – Ақмола, Семей, Торғай, Орал. Орал облысына Ұлы Қобданың құбыла күнбатыс өңірі кіргізілген, Темір-Қарқамыс, Адай-Үйшік, Жымпиты-Теке уездері Орал облысына бағынған. Елек – Ақтөбе, Николаев, Ырғыз уездері болып Торғай облысына қарап, Орал-Торғай облыстары Орынбор губерниясына бағынған.
Қобдалық ақын Айса: «Електің басы Есенбай , Қобданың басы Құсмұрын» - деп жырлағандай, Құсмұрын Мұғалжар тауының оңтүстік батысындағы шамалы бөлігі әуелі бұлақ болып ағып, келе-келе арнасы кеңіп, өзенге айналған. Оған Сарықобда, Қарақобда, Балақобда қосылып, Ұлықобда өзені түзеледі. Қобда жерінде ХҮ ғ. Алғашқы қазақ мемлекетін құрушы Әз Жәнібек ханның бас ақылшысы болған дана, филолософ Асан Қайғы бабамыздың бел баласы Абат мекендеп мәңгі орнын осы өңірден тапқан. Қорымда Алтай, Қазақай батыр да жатыр. 1910 жылы – «Қырғыз даласында өлгендерге қойылған құлпытас», «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» деген еңбектерінде Қобда ауданының көптеген архитектуралық ескерткіштерін кіргізіп, Абат-Байтақ мавзолейінің тұңғыш суретімен материалдарын жинаған ғалым Иван Кастанье.
Иса Көпжасаров – 25 жыл болыс болып, 15 жыл ояздың жәрдемшісі болып халыққа қызмет еткен. Алашорданың қаржы бөлімін басқарған.
Сырым Датовтың көтерілісіне қатысқан, мыңды басқарып, ер атанған, Дербісәлі, Өтек, батыр да осы өңірде.
Адай Бекет әулиеден бата алған көк асасын аманаттаған Шектібай әулиенің ұрпағы Құсайынның мешіт соққан жері. Қобыланды соқтырған бес оба да осы өңірде.
Баймағамбет сұлтанның бел баласы Қаналының жайлауы Айшуақ ханның тұқымы ғалым Санжар Асфандияровтың туып өскен жері.
1979-1980 ж.ж. ауданның дәстүрлі-діни ескерткіштерінің архитектурасын, архитектуралық-стильдік белгі құпиясына көп көңіл бөлген зерттеуші ғалым С. Әжіғалиев. Қобда өңірінде 1380 ескерткіш, 965 археологиялық қазбалар бар. Дала ашық мұражайы Абат Байтақ қорымында 200-дей оқылмаған құпия құлпытастар, табиғаттың жел мүжіп салған ескерткіш Мәрмәр тасымен Қиыл өз. жағасындағы биік қырқа Шығыс Европа платформасында орналасқан Үйтас (биіктігі 250-300м), Ащысай өзені бойында 91 гектар Шоқпар тоғайы «Табиғи ескерткіш» дала жәдігері болып тұр. Ең көне құлпытас деп Ащығарадағы 4ғ.құлпытасты айтуға болады.
Қобда өңірінің ең басты байлығы – ерлік пен мәрттікті, парасаттылық пен біліктілікті, асқақ рухты ұстанған ертеңгі күнге берік сеніммен қарайтын ұл-қыз тәрбиелеп отырған өңір.
Қобда экономикалық потенциалы жеткілікті, жер қойнауы бай, интелектуалдық және мәдени деңгейі жоғары өңір. Географиясы жағынан батыс пен шығысты Еуропа мен Азияны байланыстырып жатқан өңір.
Жер бедері үстіртті адырлы, төбелі жазық. Шығыс және Батыс бөлікке бөлінеді. Аудан территориясы Каспий бассейніне жатады.1966 жылы Қобда орман шаруашылығы құрылған.
Қобда аталған өңір де, қазақы зердемен айтсақ, «жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» жер. Ол заманында сақтар, сарматтар, савроматтар, массагеттер, аландар, ғұндар, түркі нәсіліне жататын ондаған тайпалар із қалдырған аймақ.
1910 жылы И.А. Кастанье толығымен Батыс Қазақстанның, соның ішінде Қобда ауданының көптеген архитектуралық және археологиялық ескерткіштері кірген «Древности Киргизской степи и Оренбурского края» деген жинақталған еңбегін жариялайды. Бұл зерттеуші Батыс Қазақстанның территориясында өз күшімен қазба жұмыстарын жүргізеді. Бірінші болып белгілі Абат-Байтақ мавзолейі бойынша материалдар жинайды. Революцияға дейінгі кезең зерттеушілері Т.И. Седельников, В.В. Карлсон Қобыланды мавзолейінің қалдықтары, яғни күйдірілген кірпіштен қаланған қабырға қалдықтары сақталғандығын алғашқылардың бірі болып ХХ ғасырдың басында хабарлайды.
Кеңестік кезеңде өлкедегі зерттеулер ХХ ғасырдың 20-шы жылдары басталады, алайда оларға эпизодтық сипат тән болды. 30- шы жылдардың басында жұмысты Б.Н.Граков жалғастырды. Зерттеулер гидроэлектростанцияны жобалаумен байланысты болды. Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеп білуге арналған жұмыстың қорытындысы мақала негізіне алынып, 1930 жылы «Қазақстанның Орталық Музей Хабаршысында» жарияланды.
1969 жылы Қобыланды мавзолейінің қираған орнында Н.Шаяхметовтың техникасын қолдану арқылы қазба жұмыстары жүргізілді.
2004 – 2006 ж.ж. Қобда ауданының территориясындағы ескерткіштерде, Абат – Байтақ кесенесі маңындағы Ұлықобда бассейнінде орналасқан Талдысай бейітінде қазба жұмыстары жүргізілді.
Дәстүрлі–діни ескерткіштерінің архитектурасын зерттеумен белгілі зерттеуші С.Е.Әжіғали айналысты. Ол басты назарды Ұлықобда өзенінің сол жағалауындағы Бесқопа тоғайында орналасқан Абат – Байтақ кесенесі мен қорымына аударды.
Кесене туралы мәліметтер М. Меңдіқұловтың «Памятники народного зодчества Западного Казахстана» атты кітабында кездеседі. Автор өз жұмысында 1947 жылы инженер – архитектор Г.Герасимовпен жүргізілген алғашқы жұмыстарға тоқталған. М.Мендіқұловтың пікірінше Абат – Байтақ кесенесі шатыр тәрізді қабір үсті құрылысына жатады және монғол шапқыншылығына дейінгі кезеңмен, яғни ХІІ ғасырдың бірінші жартысымен белгіленеді.
Алайда, 1979 – 1980 ж.ж. кесенені зерттеген экспедиция жұмысының қорытындысы негізінде, кесенені С.Е.Әжіғали архитектуралық – стильдік белгілері бойынша ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы құрылысқа жатқызды.
Ең маңызды кезеңдердің бірі ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. аралығында болды, бұл дәуірде Кіші жүздің негізін құраған ноғайлардың жаңадан құрылған Қазақ хандығының құрамына қосылу процесі жүріп жатты. Осы ноғайлы кезеңінде қазақ фольклорының алтын қорына жататын «Қобыланды», «Ер Едіге», «Қарасай - Қази» «Орақ - Мамай» секілді көптеген батырлық жырлар мен тамаша сәулет ескерткіштері, діни – ғұрыптық кесенелер пайда болды.
Өтек батыр – Сырым Датовтың көтерілісін қолдаушы батырларының бірі.
1831 ж. Кіші жүзде дистанциялық басқару жүйесі енгізіліп, бөліктер енді дистанцияларға, ал соңғылары жергілікті әкімшілік жерлерге (ауылдарға) бөлінеді. Дистанциялардың құрылуы бірте – бірте жүзеге асып, Қобданың оң жағындағы (Орта бөлік) 57 – дистанция 1851 ж. құрылады.
Қобда жері – атақты Исатай, Махамбет бастаған әйгілі күрестің соңғы шайқасы өткен өңір.
1868 ж. 21 – қазанда император ІІ Александр Орынбор және Сібір қазақтарын басқарудың жаңа ережесін бекітеді. Ереже бойынша аталған өлкелерге қараған Кіші және Орта жүзде 1869 ж.1–қаңтарынан бастап Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын жасақтау көзделеді. Облыстар уездерге, уездер болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінетін болып жоспарланады.
Архив мұрағаттарынан алынған мәліметтерге сүйенсек халық 1869 жылды «ауа жылы»деп атаған, ал көтеріліс ұрпақтарының есінде «ел ауа көтерілісі» ретінде сақталған. Бұл қалың елдің жаппай Хиуа жеріне ауа көшуіне байланысты еді.
1881жылы - Тұрым Тотайұлы, Мұңайтпастың бір ұлы Бекеш және т.б. қажылыққа барған.
1917ж. Ақпан төңкерісінен кейін патша құлап, елде Уақытша үкімет пен Алаш орда өкіметі орнаған кезде ғана халық болыстық комитет төрағасы қылып (бұрынғыша болыс) бірауыздан «Алаш» партиясының мүшесі Ізтілеудің ұлы Дәулеткерей Шекмағамбетовты сайлайды.
Жиренқопа болысы 1920 ж. Ақтөбе уезіне қаратылып, 1924 ж. ғана Қобда болысымен біріктіріледі.
1914 ж. Қобда болысынан жеке Тамды болысы бөлініп шығады.
Қазақ халқының атынан Петроградта сөйлеген Әліби Жангелдинмен бірге болған Исламғали Құрманов 1919 жылы Қобда өңірінде қызыл партизандар отрядын құру туралы тапсырма алады. Қызыл партизандар 1919 жылдың қазанында Ақтөбе мен Түркістан Қызыл Армиясының штабтарымен бірігіп, 400 қолмен Бегалы түбінде ақ гвардияшыларға қарсы соққы берген.
1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қазақ қауымында жаппай қоғамдық- саяси белсенділік туа бастады.
1917 ж. 21-28 шілде және 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда жалпы қазақ құрылтай сьездері өткізіліп, онда ұлттық «Алаш» партиясы мен Алаш Орда үкіметінің ресми түрде негізі қаланған.
Басқа өңірлер секілді, Қобда жері бұл саяси науқандардан тыс қалған жоқ. Оның топырағынан Алашқа мүше болған бірнеше қайраткерлер шықты. Олардың бірқатары 1917 ж. 2-8 сәуір аралығында Орынборда болып өткен Торғай облыстық I- қазақ сьезі тарихымыздағы аса маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Алғашқы рет ұйымдастырылғандықтан бұл жиын қазақтың басқа өңірлеріне үлгі болды. Осы тарихи бас қосуға Қобдадан Әбдіхамид Жүндібаев, Керей Тұрымов, Тоқмағамбет Жантасов, Мұқамедәлі Меңдібеков, Есмағамбет Алтыбасов және Шынтай Дәржанов секілді азаматтар қатысады.
Бұлардың арасынан халқымыздың біртуар ардақты ұлдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтармен бірге «Алаш» партиясын құруға белсене ат салысқан және оның бағдарламасын жазған жеті қайраткердің бірі Әбдіхамид Жүндібаев 1893 ж. қазіргі Қобда ауданы Талдысай ауылының маңында дүниеге келген. 1917-18ж.ж. Ақтөбе уезінде земствоны енгізу бойынша нұсқаушы болған.
Екі ауданның - қазақ Қобда ауданы мен орыс Новоалексеевка ауданының қосылуынан құрылған. Қосылу 1929 жылдың 1 шілдесінде жүзеге асты. Ауданның аты «Қобда», аудан орталығы болып «Новоалексеевка» ауылы белгіленді. Аудан аумағы шамамен 2 мың шаршы километрді құрады.
Бұлардың арасынан халқымыздың біртуар ардақты ұлдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтармен бірге «Алаш» партиясын құруға белсене ат салысқан және оның бағдарламасын жазған жеті қайраткердің бірі Әбдіхамид Жүндібаев 1893 ж. қазіргі Қобда ауданы Талдысай ауылының маңында дүниеге келген. 1917-18ж.ж. Ақтөбе уезінде земствоны енгізу бойынша нұсқаушы болған.
1977 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1 «Қазақ КСР жаңа аудандардың құрылуы туралы» Жарлығына сәйкес Қобда ауданының аумағынан жаңа Исатай ауданы пайда болды. Ауданның әкімшілік орталығы Ақырап ауылы болып белгіленді.
Исатай ауданы 1997 жылы Қобда ауданының құрамына қайта қосылды.

+7(71341)21-7-67
i.tynymgereev@aktobe.gov.kz
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған







