Ауданның жер қатынастары туралы

Ауданның жер қатынастары туралы

Жер ресурстары - ұлттық қазына потенциалы, еліміздің экономикалық байлығы мен әлеуметтік ахуалының басты факторы.

Топырақ құнарлылығын сақтау және арттыруға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуы мен жер ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс - шаралары мен ҚР Жер Кодексі ережелерінің қалтқысыз орындалуы - жер саясатын жүзеге асырудың негізгі бағыты болып табылады.

Аудан бойынша барлық жер көлемі -1 млн 402 мың 980  га оның ішінде:

  1. Аудан бойынша 31 елді мекен жерлеріне – 162 мың 837 га бекітілген.
  2. Ауыл шаруашылығымен айналысатын барлығы 452 агроқұрылымға 1053 мың 559 гектар бекітілген олар ;

- 418 шаруа қожалыққа 885 мың 236 га 

- 20 ЖШС-не 179 мың 135 га                                                                  

- 8 кооперативке (СПК) 26 мың 426 га

- 8 жеке тұлғаларға (арендатор) 4793 га

- 1 мемлекеттік заңды тұлғаға 1251 га

  1. Өнеркәсіп жерлері – 1953 га;
  2. Орман қорының жерлері – 14 мың 384 га;
  3. Ерекше қорғалатын аймақ – 168 га;
  4. Су қорының жерлері - 2570 га;
  5. Босалқы жер қоры – 124 мың 227 га; (4186 га тыңайма, 45182 га шабындық, 72762 га жайылым, 2097 га басқада жерлер) – оның ішінде 22 учаске 17149 га жер учаскесі конкурсқа жарияланды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелер 43-1, 101 баптарға сәйкес  тек конкурстық тәртіппен беріледі;

2023 жылы есептік кезеңнен бері осы аралыққа дейін 5 жер пайдаланушыға конкурс арқылы 1047 га жер учаскесі беріліп айналымға тартылды.

Сонымен қатар 2023 жылы  2 жер пайдаланушыға 0,2403 га учаскесінің жалдау құқығы ағылшын әдісімен, аукциондық тәртіппен сатылды, мемлекеттік кіріске  91 мың 678 теңге түсірілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді әрі ұтымды пайдалану мақсатында ҚР АШМ 2019 жылғы 3 шілдедегі №252 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелеріне мониторинг ұйымдастыру мен жүргізу қағидасына» сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі таңда заңға сәйкес түсінік жұмыстарын жүргізу барысында өз өтінішіне сәйкес  аудан бойынша 5  жер пайдаланушыдан 5330  га жер учаскесі қайтарылды және пайдаланбай отырған жер пайдаланушылардың жер учаскелерін анықтау, тексеру жұмыстары жалғасуда.  Осы орайда 84 жер пайдаланушы жалпы көлемі 168280 га жер учаскелерін аудандық прокуратурасымен және жер инспекциясының мамандарымен бірлесе жұмыс жасау нәтижесі бойынша 16 жер пайдаланушы заңға сәйкес игеріп отырғандығы анықталды және 37 жер пайдаланушыға 1 жыл мерзімге игермеуіне байланысты нұсқама берілді

Қалған 19 жер пайдаланушыға тексеру бастау туралы хабарландыру  беріліп және 2 жер пайдаланушы бойынша  жұмыстары жүргізілуде.

Негізі пайдаланылмай жатқан жерді мемлекетке қайтарудағы мақсат жерді тартып алуда емес, жерді игеруде. Мақсатты пайдалану, жер иелерін өздеріне берілген жерді іске жаратып игеруге итермелеу екенін естен шығармағанымыз жөн.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер бойынша елді-мекен аумағына іргелес жақын орналасқан жерлерді тұрғылықты халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында аудан бойынша 19 елді-мекенге барлығы 55445 га жер учаскесі қосылды. Қалған 12 елді-мекен бойынша 18 000 га жерлерін ұлғайту мақсатында тиісті бюджет қаражатынан қаржы бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылады. Яғни халықтын сұранысын қанағаттандыру барысында ұлғайту жұмыстары тұрақты заң нормаларына сәйкес жүргізілуде.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.