Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.
Еңбекші ауданының аумағы 22 800 га, халық саны 228830.
Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған.
Атап айтсақ, Еңбекші ауданында 2 индустриалды аймақ (Оңтүстік және Ордабасы) және 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан. Сонымен қатар 27-ірі, 64-орта, 6170-шағын кәсіпорындар және 13143 жеке кәсіпкерлер бар.
Аудан 11 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 18 тұрғын алапта тұрады.
Еңбекші ауданында 721 көшелер мен өткелдер, 1 парк 2 сквер, 283 көпқабатты тұрғын үйлер мен 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.
Сонымен қатар, аудан аумағында 35 мектеп, 9 мемлекеттік, 53 жеке меншік балабақшалар, 2 орта арнаулы оқу орындары, 15 денсаулық сақтау мекемелері, 6 кітапханалар, 2 спорт мекемелері орналасқан.
Әлеуметтік жағынан қорғалатын 7710 көп балалы аналар, 5445 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 537 тыл еңбеккерлер, 157 ауған соғысы ардагерлері, 17881 ардагерлер бар.