Абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату
Жоба туралы
Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.
Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты.
2021 жылы 41 көпқабатты үйдің аулалары абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды.
2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды.
2023 жылы 35 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 4 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды.
2024 жылы 44 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру, жеке секторда 7 – кешенді балалар ойын алаңшалары құру жоспарлануда.