17 сәуір — Өртке қарсы қызмет күні!


Құрметті өрт сөндіру қызметінің мамандары, қауіп пен қатерге толы салада халықтың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету жолында еткен еңбектеріңізге алғысымды білдіріп, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Өрт сөндірушілер – әрдайым алдыңғы шепте тұратын, батылдық пен ерліктің үлгісі. Олардың қажырлы еңбегі мен жанкештілігінің арқасында талай адам өмірі аман қалып, материалдық құндылықтар сақталып отыр.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және әрбір қызметтік күндеріңізге сәттілік тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, халықтың алғысына бөлене беріңіздер!
Ізгі ниетпен, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы
Оқиға күні
17 сәуір 2025
Оқиға түрі
Құттықтау