
Тұрғындармен жұмыс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды.
Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды.
Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау және талқылау мақсатында 58 кездесу өткізіліп, жалпы саны 7 мыңға жуық тұрғын қамтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында аудан әкімі аппаратының ұйымдастырумен 2019 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында және аудан аумағындағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында (семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық сабақтар, жиналыстар) жалпы 32 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Ұйымдастырылған іс-шаралардың мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң талаптарын сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау секілді қоғам тарапынан сеніп тапсырылған міндеттерді адал атқаруға ерекше мән беруге бағытталып отыр.
2018 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есепті кездесулерінде түскен 91 ұсыныс пен өтініштердің 30-на кездесу барысында толыққанды жауап берілді, қалған 61 ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мәліметтері тоқсан сайын жергілікті баспасөз беттерінде және аудан әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланып отыр.
Құжат айналымы туралы
2019 жылдың өткен мерзімінде аудан әкімі аппаратына 3600 кіріс құжаттары түсіп, 4034 құжат жолданды, жеке және заңды тұлғалардан 347 жазбаша өтініштер тіркелді.
Жыл басынан аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауларында 225 азамат болды. Қала әкімінің шешімімен азаматтарды аудан әкімі жеке қабылдауды күнделікті жүргізді.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып, жауаптар берілді.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 17 қаңтар 2024Тұрғындарға арналған ақпаратБіздің міндет – халыққа қызмет!
- 23 наурыз 2020МақалаларТұрғындармен жұмыс
- 11 ақпан 2020Баяндама2019 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есебі
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0716 тамыз 2021ХАЛЫҚ САНАҒЫ
0120 сәуір 2021Спорт- денсаулық кепілі
13031 наурыз 2020Көшелерді дезинфекциялау
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кеттіЖеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдау20 шілде 2020Басқа
өтіп кеттіШымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің тұрғындар алдында есеп беруі17 қаңтар 2020Есеп беру кездесуі
Ұйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЕңбекші ауданы бойынша 53-27-42 телефон нөміріне хабарласу қажет.
Еңбекші ауданы бойынша 43-31-09 телефонына хабарласу қажет.


