Құжаттар
Құжат саны: 450
№ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ 20__жылғы «__»______ № ____ Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ 20__жылғы «__»______ № ____ Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпараттарды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М. Сұлтанғазиев ____________ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов_________________
Бұйрық/06 наурыз 2020