2020 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқытудың кейбір мәселелері туралы
2020 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқытудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы
№ 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереженің 3 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізудің 2020 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті Жоспарға сәйкес жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
1) Жоспарға сәйкес жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізуді;
2) жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізу кезінде қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Жауапты хатшы Ж. Нөпіров
14
Жарияланған күні
09 қаңтар 2020 00:00
Жаңарту күні
09 қаңтар 2020
Түрі
Жарияланды