Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруКөрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет.
Түріне қарай жәрмеңкелер жіктеледі:
- ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері;
- маусымдық жәрмеңкелер;
- мерекелік жәрмеңкелер;
- тақырыптық жәрмеңкелер;
Жәрмеңкеде сатуға ұсынылатын өнімдердің ассортименті Азық-түлік тауарларынан тұрады, бұл ретте жәрмеңкені ұйымдастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өнімі бар қатысушыларға басым орындар беріледі.
Жәрмеңкелерді өткізу кезеңі:
- ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: аудандарда – бір жыл ішінде кемінде екі аптада бір рет; республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда – бір жыл ішінде аптасына кемінде бір рет; елордада – Қазақстан Республикасы өңірлерінің қатысуымен жыл сайын маусымнан қараша айларына дейінгі аралықта.
- маусымдық жәрмеңкелер – ауылдық округтерде, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі айының алдындағы айдың демалыс күндері (кемінде үш демалыс күні).
- мерекелік жәрмеңкелер – жәрмеңкелерді өткізудің басталуы мемлекеттік мереке басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
- тақырыптық жәрмеңкелер – ішкі сауда субъектілері өтінімдерінің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет.
Сауда қызметін реттеу туралы Заң ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032474
Қазақстанда сауда желілерде және базарларда қазақстандық өндірушілердің азық-түлік өнімдерін кемінде 30% мөлшерде сөрелерде орналастыру міндеті қойылған. Бұл жергілікті өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін сатып алушыларға қолжетімді етуге көмектеседі.
Егер сауда желілер және базарлар мемлекеттен қолдау алса, онда отандық азық-түлік тауарларын сөрелерде 50% - ға дейін (бұл 30% — жалпы сауда ережелері бойынша, ал тағы 20% — мемлекеттік қолдау аясында) және азық-түлік емес тауарларын кемінде 20% орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар, Қазақстанда жасалған өнімдер арнайы «Қазахстанда жасалған» деген жазу немесе тақтайшамен белгіленуі керек. Бұл сатып алушыларға жергілікті өнімдерді оңай ажыратуға көмектеседі. Мұндай өнімдер көбіне көрнекті жерлерде, мысалы, көз деңгейінде орналасады және көп сұранысқа ие өнімдермен бірге қойылады.
Бұл шаралар отандық өндірісті қолдауға және қазақстандық өнімдерді сатып алушылар үшін көрнекі етуге көмектеседі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034543
Қысқа жауап:
Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет:
- тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы;
- талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, орындаушы) туралы ақпарат (атауы, пошталық мекенжайы, Бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
- тұтынушы талабының мәні және даудың мән-жайы.
Толық жауап:
Сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шағым еркін нысанда жасалуы мүмкін. Бұл ретте тұтынушының шағымында мынадай деректемелерді көрсету қажет: - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы; - тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері (атауы, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда); тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шағымы қолма-қол тапсырылады не тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімі нысанында, не егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық поштасының мекенжайы бойынша жіберіледі. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының шағымын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті.
КЕЙС: Сіз «______» ЖК-ға компанияның атауы, БСН-ге наразылықты ресімдейсіз.
Аты-жөні
мен ағымдағы жылдың 17 ақпанында ____ мың теңгенің сағатын сатып алдым. Пайдалану барысында тауардың ақауы анықталды. Жоғарыда баяндалғанның негізінде ақшаны қайтаруды/тауарды ауыстыруды талап етемін. Менің талаптарымды тауарды алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қанағаттандыруды сұраймын. Бас тартқан немесе елемеген жағдайда уәкілетті органға жүгінуге болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/K940001000
Қысқа жауап:
Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қажет. Сондай-ақ, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың аумақтық органдарына жүгінуге болады.
Толық жауап:
Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін деп күдіктенсеңіз, бұл туралы тиісті органдарға мүмкіндігінше тезірек хабарлау маңызды. Қазақстанда бірнеше инстанцияларға жүгінуге болады:
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Бұл тұтынушылардың шағымдарын қарайтын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылайтын уәкілетті мемлекеттік орган.
- Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері.
Егер өнім денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болса (мысалы, мерзімі өткен өнімдер, зиянды заттары бар тауарлар, дәмханалар мен салондардағы санитарлық нормалардың бұзылуы), Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне жүгіну керек. Олар санитарлық-гигиеналық сараптама жүргізуге және тәртіп бұзушылардың қызметін тоқтатуға уәкілетті.
- Онлайн шағым беруге арналған платформалар
- eGov.kz - ресми шағым жіберуге болатын электрондық үкімет порталы.
- E-Otinish - азаматтардың өтініштерін электрондық форматта қабылдау жүйесі.
Маңызды: жүгінген кезде барлық дәлелдемелерді - чектерді, фотосуреттерді, бейнелерді, сарапшылардың қорытындыларын (егер бар болса) жинаңыз. Бұл өтінішіңізді қарау процесін жеделдетеді.
КЕЙС: Сіз тауардың, жұмыстың немесе қызметтің денсаулыққа немесе өмірге қауіпті екенін байқадыңыз. Құжаттарды (шарт, чек, нұсқаулық, фото) алып, алдымен тауар немесе қызмет ұсынған ұйымға хабарласыңыз.
Сіз:
- қауіптілікті жою;
- ақшаны қайтару немесе тауарды ауыстыру;
- қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе жұмысты түзетуді талап ете аласыз.
Егер мәселе шешілмесе, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне немесе қауіпсіздікті бақылайтын орган Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне шағым беріңіз.
Шағымға мыналарды қоса берген жөн:
- құжаттар мен чектер;
- қауіпті тауардың/жұмыстың фотосуреті немесе бейнесі;
- орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасы.
Егер денсаулыққа немесе өмірге қауіп төнсе, тауарды/қызметті пайдалануды дереу тоқтатыңыз және дәрігерге жүгініңіз, сондай-ақ құқықтарды қорғау үшін барлық дәлелдемелерді сақтаңыз.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы
http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР Заңының
Қысқа жауап:
Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады:
- Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін.
- Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде.
Қайтару сатып алу жасалған дүкенде жүзеге асырылады.
Толық жауап:
Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастай аласыз:
- 1. Егер ақауы бар (сапасы лайықсыз) болса:
Қайтару немесе айырбастау өндіруші немесе сатушы белгілеген кепілдік мерзімі ішінде мүмкін болады. Егер кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда тауарды сатып алған сәттен бастап екі жыл ішінде қайтаруға болады. Қайтаруға өндiрiстiк ақауы, зақымдануы, ақауы бар болсане егер тауар мәлiмделген сипаттамаларға сәйкес келмесе тауарлар қабылданады. Сатып алынғанын растайтын чекті немесе басқа құжатты көрсету қажет.
- Егер тауар тиісті сапада болса, алайда сізге сәйкес келмесе:
Сатып алынған күнді есептемегенде, 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады. Егер тауар қолданыста болмаса, оның тауарлық түрі, орамасы, жапсырмалары мен пломбалары сақталса, сондай-ақ сатып алу фактісін растайтын құжат болса, бұл мүмкін. Мысалы, егер тауардың көлемі, түсі, фасоны немесе басқа да себептері сәйкес келмесе, оны қайтара аласыз.
Маңызды: Қайтару немесе айырбастау сатып алу жасалған дүкенде жүзеге асырылады. Нақты сатушы белгілеген қайтару ережелерімен алдын ала танысу ұсынылады.
КЕЙС: Сіз тауарды сатып алдыңыз және оны қайтарғыңыз немесе айырбастағыңыз келеді. Тауарды (мүмкіндігінше - чекті) алып, сатушыға барыңыз.
Сіз:
- ақшаны қайтаруды;
- тауарды ауыстыруды;
- басқасына айырбастауды талап етуге құқыысыз..
Чекті ұсынған дұрыс, алайда оның болмауы өтініш беру құқығынан айырмайды.
Қайтару мерзімі: - азық-түлікке жатпайтын тауар
- сатып алғаннан кейін 14 күн (егер тауарлық түрі, орамы және чегі сақталса);
- тамақ өнімдері немесе тез бүлінетін тауарлар тек жарамсыз болса немесе мерзімі өткен кезде ғана.
Егер мәселе шешілмесе - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне шағым беріңіз.
Мұны:
- Gov.kz порталы арқылы,
- жазбаша немесе жеке жасауға болады.
Шағымға мыналарды:
- тауардың фотосуретін
- чекті (егер бар болса)
- орын алған орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын қоса берген жөн.
Егер денсаулыққа зиян келтірілсе дәрігерге барыңыз; медициналық құжаттарды сақтаңыз, олар құқығыңызды қорғау және сотқа жүгіну үшін қажет болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы»
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_