Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
- Стратегиялық жоспардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайынғы есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтар айының 20-сынан кешіктірмей Министрліктің Стратегия және цифрландыру департаментіне Стратегиялық жоспарды іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Министрліктің Стратегия және цифрландыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) есептік кезеңнен кейінгі жылдың ақпан айының 15-інен кешіктірмей стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орналастыруда қамтамасыз етсін.
- «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы
13 қыркүйектегі № 42 бұйрығының күші жойылсын. - Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы Ж.М. Нөпіровке жүктелсін.
- Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Министр Б. Сұлтанов
|
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі ________________ Б. Шолпанқұлов ____ жылғы «___» ___________ |
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Р. Дәленов ____ жылғы «___» ___________ |
22
23 қаңтар 2020 00:00
23 қаңтар 2020