Жиі қойылатын сұрақтар
Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1% құрайды. Жеңіл өнеркәсіп жалпы ішкі өнімнің аз үлесін алғанымен, оның өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі және өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі тұрақты өсуде. Мәселен, соңғы 3 жылда сала өндірісінің көлемі 153,6-дан 211,6 млрд теңгеге дейін өсті (өсім 37,8%).
Бүгінгі таңда еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы айырықша басымдыққа ие бағыт болып табылады, өйткені халықтың, әсіресе әйелдердің жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп отыр. Сала тұтыну деңгейі бойынша азық-түлік өнімдерін тұтынудан кейін екінші орында, жеке пайдалануға арналған өнімдерді шығару арқылы адамдардың материалдық әл-ауқатының маңызды компоненттерінің бірін құрайды.
Министрліктің қызметі елдің мемлекеттік саясатына толық сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 17-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 211,6 млрд теңгені құрады, бұл номиналды мәнде 2023 жылғы ұқсас кезең деңгейінен 0,2%-ға өскенін көрсетеді. Нақты көлем индексі бойынша 2025 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 103%-ға өсуі жоспарлануда. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру көлемінің өсуі мемлекеттік сатып алулардағы, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бөлігінде қабылданатын шаралардың, сондай-ақ 2024 жылы іске қосылған жобалар есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 167-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сенімхат деп бір тұлғаның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін басқа бір тұлғаға (сенім білдірілген тұлғаға) беретін жазбаша өкілеттігі танылады.
Мүлікті басқаруға және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәмілелерді жасауға арналған сенімхат, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, нотариаттық тәртіппен куәландырылуға тиіс.
ҚР АК-нің 167-бабының 6-тармағына сәйкес, заңды тұлға атынан берілетін сенімхатқа оның басшысы немесе құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлға қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуы міндетті болған жағдайда, осы ұйымның мөрімен куәландырылады.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-1-бабының 1-тармағына сәйкес, мүлік иелерінің бірлестігінің төрағасы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан жалпы жиналыста үш жыл мерзімге сайланады және үй кеңесінің мүшесі болып табылады.
Мүлік иелерінің бірлестігінің төрағасы ретінде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесінің отбасы мүшелері, атап айтқанда: жұбайы (зайыбы), ортақ немесе жұбайлардың бірінің балалары (оның ішінде асырап алынған балалар), ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы, сондай-ақ пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен тұрақты тұратын балаларының отбасылары сайлануы мүмкін.
Аталған Заң нормасынан мүлік иелерінің бірлестігінің төрағасының өкілеттіктері тікелей өзі арқылы жүзеге асырылатыны, ал сенімхат арқылы өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруіне немесе мүлік иелерінің бірлестігі төрағасының міндетін атқарушыны тағайындауға Заңда жол берілмейтіні туындайды.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруды және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды жиналысқа қатысу, кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау, үй кеңесін сайлау, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеу арқылы жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсетуді сервистік қызмет субъектісі мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамымен не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушымен немесе басқарушы компаниямен не уақытша басқарушы компаниямен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау функцияларын жүзеге асыратын жеке, заңды тұлғалардың пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне келтірген шығындары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
Заңның 42 - бабының 1-тармағына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін мына кондоминиум объектісін басқару нысандарының біреуін таңдауға міндетті:
1) мүліктің меншік иелері бірлестігі;
2) егер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің саны отыздан аспаса, көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (жай серіктестік);
3) егер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің саны он алтыдан аспаса, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы.
Қазіргі уақытта кондоминиум объектісін басқарудың басқа нысандары Заңмен қарастырылмаған.
Кондоминиум объектісін басқарудың аталған нысандарының әрқайсысы бір жеке көппәтерлі тұрғын үйдің мүдделерін білдіруді көздейді.
Өз кезегінде, пәтер иелерінің кооперативтері, басқа да ұқсас заңды тұлғалар сияқты (мысалы, пәтер иелерінің тұтыну кооперативі (бұдан әрі – ПИК) ұзақ уақыт бойы бір көппәтерлі тұрғын үйдің шеңберінен шығып кетті, жағдайлардың басым көпшілігінде бірнеше көппәтерлі тұрғын үйлер мүдделерін білдіреді және іс жүзінде басқарушы компаниялардың аналогтары болып табылады, осыған байланысты олар заңда кондоминиум объектісін басқару нысаны ретінде қарастырылмайды.
Сонымен қатар, пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінің қызметі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында тікелей көзделмеген және тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайын, оларды құрудың, қызметінің, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын, мүшелердің құқықтары мен міндеттерін, өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайтын «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелген.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және басқа да коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі. Мемлекеттік органдар қатарынан екі реттен артық аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар жеке кәсіпкерлік субъектілерін және басқа да коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және басқа да коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өтуіне өтініш;
2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеуді жүргізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың бірлестіктерін аккредиттеуді тоқтатудың негіздері мен тәртібі, аккредиттеуді мемлекеттік органдар жыл сайын қазақ және орыс тілдерінде аккредиттеу мерзімі туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін бірінші тоқсанда жүзеге асырады.
Сирек және сирек жер металдарының (бұдан әрі – СМ және СЖМ) кен орындарын зерттеу және олардың негізінде әлемде сұранысқа ие өнімдерді шығару Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының басым бағыттары болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 100-ден астам СМ және СЖМ кен орындары анықталған. Елде қайта зерттеу және өндіру үшін ең тартымды СМ және СЖМ кен орындарына келесілер жатады: Курумсақ, Бала-Саусқандық, Ақбулак, Құндыбай, Верхнее-Эспе, Мойынқұм, Ақдала, Талайрык, Меловое, Томақ, Тайбоғар, Тасмұрын.
Жоғары технологиялық секторлардың экономикадағы сұранысының артуы мен әлемдегі геосаяси жағдайлардың әсерінен Қазақстанның СМ және СЖМ саласына қызығушылық айтарлықтай артты.
Қазақстанда сирек металдардың ерекше тобын сирек таралған және сирек жер элементтері құрайды, олар өз кен орындарын қалыптастырмайды, бірақ Қазақстанның түрлі кен орындарындағы рудаларда спутник элементтер ретінде кездеседі және кешенді қайта өңдеу кезінде алынуы мүмкін. Уран, түсті, қара және асыл металдар кен орындарында мемлекеттік балансқа келесі қосымша элементтер енгізілген: селен, теллур, германий, галлий, индий, таллий, висмут, гафний, скандий, кадмий, рений, осмий, иттрий.
Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік нарықтарға бериллий, тантал, ниобий, рений сияқты сирек металдардың шағын топтарын сату бойынша маңызды жеткізушілердің бірі болып табылады. Бұл металдар көбінесе балқытылған күйде, бұйымдар мен ұнтақ түрінде экспортталады.
Қазақстан сирек металдардың шикізат базасымен қамтамасыз етілген, оның ішінде вольфрам – 2,4 млн тонна баланс қоры, молибден – 1 млн тонна, литий – 226,8 мың тонна, тантал – 4,5 мың тонна, ниобий – 28,0 мың тонна, бериллий – 70,6 мың тонна және басқалары бар.
Жер қойнауы туралы ақпаратты тасымалдау уәкілетті органнан жер қойнауын зерттеуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Егер жер қойнауын пайдаланушы тау жыныстары мен минералдардың үлгілері, тас материалдарының коллекциялары, жылтырлар, қырлы жылтырлар, минералды ерітінділер және ұнтақтар түріндегі геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге тасымалдауды жоспарласа, ол жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға тасымалдау күніне дейін бір ай бұрын жазбаша хабарлама беруі тиіс.
Хабарламада мына мәліметтер қамтылуы керек:
- Тасымалданатын табиғи ақпарат тасымалдаушыларына қатысты зерттеулердің сипаттамасы;
- Зерттеуді жүргізу болжамды мерзімі;
- Зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындау мерзімі;
- Зерттеу жүргізетін ұйым туралы мәліметтер.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Геологиялық ақпаратты жасанды тасымалдаушыларда Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге тасымалдау шектеусіз жүзеге асырылады, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасымен өзгеше көзделмесе.
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан отын-энергетикалық және минералдық шикізат аудандары мен кен орындары туралы ақпаратты тасымалдау тәртібіне сәйкес, жер қойнауы туралы ақпарат тек лицензия болған жағдайда тасымалданады. Лицензия "Экспорт немесе импорт үшін кейбір тауарларға лицензия алу және оларды ресімдеу туралы нұсқаулыққа" сәйкес ресімделеді.
Жеке тұлғалардың жер қойнауы туралы ақпаратты жеке пайдалану мақсатындағы тауар ретінде тасымалдауына тыйым салынады.
Лицензия алу үшін портал арқылы өтінім беру қажет https://minerals.e-qazyna.kz (бұдан әрі - портал) келесі құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде қоса бере отырып:
1) жазбаша өтініш (порталда толтырылады);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес өтініш беруші әзірлеген және бекіткен жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспары және (немесе) жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы.
Өтініш порталда тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия Геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстарды, сондай-ақ жер асты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу мақсатында 3 жылға беріледі.
Сонымен қатар, Кодекстің 84-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өзгеше белгіленетін жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензия оны иеленушіге геологиялық зерделеу учаскесіне айрықша құқық бермейді.
Лицензия иеленушінің аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу жағдайларын қоспағанда, мұндай адамның келісімінсіз пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру үшін басқа тұлғаға пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге құқығы жоқ.