Жиі қойылатын сұрақтар
Шектеулерді алып тастау 2026 жылдың тамызында қарастырылады. Қазір олар осы күнге дейін ұзартылған.
Қаржыландыруды жоспарлаған болсаңыз, ұсыныс жіберіңіз. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі оны жұмыс жоспарына енгізуге дайын.
www.e-qazyna.kz порталы арқылы сатып алуға болады. Бұл қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда
Беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен реттеледі. Мүлік жарғылық капиталға немесе қорғаныс саласындағы қызметтерді көрсету үшін беріледі.
Елімізде Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары саланы дамытуға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Қолдау шаралары қаржылық және қаржылық емес көмекті қамтиды. Инновацияларды ынталандыру және өндірісті жаңғырту үшін гранттар беріледі, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің өнімдеріне тұрақты сұраныс жасауға көмектесетін мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылады. Бұл шаралар қаржылық тәуекелдерді азайтуға және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі еңбек өнімділігі болып табылады.
Бұл жобалар импортты алмастыруға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспортын арттыруға бағытталған.
Өндіруші кәсіпорындар елімізде жоқ дайын компоненттерді импорттайтды. Мысалы мақтадан иірілген тігін жіп, мақта матасы, жүннен жасалған иірілген жіп синтетикалық талшықтардан жасалған иірілген жіп, түрлі құрамдағы жіптер, фурнитура және т. б.
Өнімдерді отандық шикізатпен өндіру, жалпы саланы дамыту үшін еліміз жеткілікті әлеутке ие. Жеңіл өнеркәсіпке арналған шикізаттың белгілі мөлшері де, қолайлы факторлар да бар. Мақта талшығын өсіру үшін қолайлы климат, мақта талшығын, ірі қара малдың жүні мен терісін қайта өңдеуді одан әрі дамыту мүмкіндігі, тиімді геосаяси орналасуы, көлік инфрақұрылымының болуы, импортты алмастыру және экспорттау әлеуеті бар.
Отандық кәсіпорындар теріні өңдеп, олардан иленген былғары және дайын былғары, сондай-ақ былғары аяқ киім өндіріп отыр. Жергілікті шикізатты мал терісін илеуден өткізіп, былғары өндірісімен айналысатын кәсіпорындар елдің аймағында орналасқан. Осы саладағы кәсіпорындардың басым бөлігі Шымкент қаласында шоғырланған. Сондай-ақ, Алматы, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында да өндірушілер бар. «Almaty Tannery» ЖШС компаниясы – былғары краст, дайын былғары жасайтын елдегі ең ірі былғары өндірушілердің бірі болып табылады.
Өнеркәсіптік өнімді тұтыну көлемі бойынша сұраныс азық-түлік өнімдерін тұтынудан кейін екінші орында тұр. Соңғы статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 190,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға төмен. Экспорттық жеткізілімдердің қысқаруы тоқыма өнімдерінде (-24,0%) және киім өндірісінде (-18,2%) байқалады, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде 23,2% өсім тіркелді.
2025 жылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорт көлемі 176,5 млн АҚШ долларын құрады.
Аталған кезеңде Қазақстан үшін негізгі экспорттық нарықтар:
Ресей (52,6%), Беларусь (14,4%) және Қырғызстан (5,3%).
2025 жылғы қаңтар–қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесі тауар түрлері бойынша экспорт көлемінің өсуі байқалды:
• жоғары берікті жіптерден өндірілетін маталар – 1,7 есе;
• мақта жібінен тігілген ерлерге немесе ұл балаларға арналған шалбарлар, алжапқышты және иықбаулы комбинезондар, бриджилер мен шортылар – 1,5 есе;
• табаны резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған, үстіңгі бөлігі табиғи былғарыдан тігілген өзге де аяқ киім түрлері – 90,1%-ға өсті.
ҚР Жеңіл өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 12 376,9 млн теңгені құрады.