Құрылым
«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі
«Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Үкіметтің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 861 қаулысына сәйкес дамуға ресми көмек саласындағы ұлттық оператор – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Агенттік ҚР Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.
«Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ
Институт Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыру процесіне жан-жақты талдамалық қолдау көрсетуге, халықаралық қатынастар саласында кешенді қолданбалы зерттеулер жүргізу, Қазақстан үшін басым елдер мен өңірлердегі ахуалдың даму үрдістерін зерделеу және болжау арқылы елдің қауіпсіз және орнықты болашағын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған.
«ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК
«ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен құрылған.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясы) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленген.
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына сәйкес экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында құрылды.
«Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қордың жарғылық капиталы жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған. Тұжырымдама шетелдегі және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын басшылыққа ала отырып жазылған.