Құрылым
ҚР СІМ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үшінші департаменті
ҚР СІМ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үшінші департаментінің негізгі міндеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Еуразиялық экономикалық одаққа және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттермен көпжақты қатынастарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау.
Директор:
Иманәлиев Жәнібек АбдуләкімұлыТелефон:
+7 (7172) 72-04-58Электрондық пошта:
zh.imanaliyev@mfa.gov.kzҚР СІМ Коммуникациялар департаменті
Коммуникациялар департаментінің негізгі міндеттері Министрліктің бірыңғай ақпараттық саясатын қалыптастыру және іске асыру, БАҚ-пен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылдың Стратегиялық ақпараттық коммуникациялық арналарын құру болып табылады.
Директор:
Желдыбаева Динара БекенқызыТелефон:
+7 (7172) 72-06-56Электрондық пошта:
d.zheldybaeva@mfa.kzҚР СІМ Заң қызметі департаменті
ҚР СІМ Заң қызметі департаменті жұмысының негізгі мақсаты Министрлік қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Министрлік қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Министрліктің мүдделерiн бiлдiру.
Директор:
Керімтай Жандос КерімтайұлыТелефон:
+7 (7172) 72-06-41Электрондық пошта:
zh.kerimtay@mfa.gov.kzҚР СІМ Орталық Азия департаменті
Орталық Азия департаментінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Орталық Азия мемлекеттерімен екіжақты қатынастарын және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері мен диалог алаңдарының форматы шеңберінде аталған елдермен ынтымақтастықты дамыту; Жетекшілік ететін мемлекеттермен Қазақстан Республикасының екіжақты қатынастарының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ өңірлік кооперацияны ілгерілету болып табылады.
Директор:
Қаппасов Темірбек МейірханұлыТелефон:
+7 (7172) 72-08-84Электрондық пошта:
t.kappassov@mfa.gov.kzҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаменті
ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаменті жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, НАТО және басқа халықаралық құрылымдар шеңберінде БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларын ілгерілету болып табылады.
ҚР СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті
ҚР СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің негізгі міндеті ҚР Орталық аппараты мен шет елдердегі мекемелерінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, дипкурьерлік байланыстың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ құжат айналымын жүргізу болып табылады.
ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті
ҚР СІМ Валюта-қаржы департаментінің негізгі міндеті Министрліктің және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің бюджетін жоспарлау; министрліктің алдағы үш жылдық қаржылық кезеңге арналған жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру; министрліктің алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; Министрліктің Стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу; даму жоспарларын және олардың Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының орындалуы туралы есептерді бекіту үшін келісу, Министрліктің мемлекеттік активтерін басқаруға қатысу; Министрліктің; Министрліктің және мемлекеттік органдардың шетелдік іссапарлары мен өкілдік шығындары бойынша іс-шаралардың жиынтық жоспарларын қалыптастыру; министрліктің бюджеттік бағдарламаларының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, тиісті өзгерістер енгізу.
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің негізгі міндеті шет елдерде ҚР жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ҚР консулдық мекемелерінің ҚР азаматтарын консулдық есепке алу, ҚР азаматтығы, халықаралық асырап алу, заңдастыру және апостиль қою, құжаттарды талап ету, Қазақстан Республикасының визаларын беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, қайтып оралуға куәліктерді ресімдеу бойынша құжаттандыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де консулдық іс-әрекеттерді орындау бойынша қызметін үйлестіру болып табылады.
ҚР СІМ Халықаралық құқықтық департаменті
ҚР СІМ Халықаралық құқықтық департаменті Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеу мен жасасуды ұйымдастыруда үйлестіру функцияларын атқару және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген іс-шаралардың кезеңдерінде Департамент қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз ету.
Директор:
Сүлейменов Дастан НұрланұлыТелефон:
+7 (7172) 72-03-79Электрондық пошта:
d.suleimenov@mfa.gov.kzҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті
ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының БҰҰ, оның мамандандырылған мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан Республикасының мүддесін және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларын ілгерілету болып табылады.
ҚР СІМ Америка департаменті
ҚР СІМ Америка департаментінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының АҚШ, Канада, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен саяси, әскери, сауда – экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік салаларында екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Директор:
Уразалин Руслан АманболұлыТелефон:
+7 (7172) 72-00-64Электрондық пошта:
r.urazalin@mfa.gov.kzҚР СІМ Еуропа департаменті
ҚР СІМ Еуропа департаментінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен және Еуропалық Одақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропа Кеңесі және оның құрылымдарымен ынтымақтастықты дамыту; Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін мемлекеттермен және ұйымдармен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.
Директор:
Шынасылова Шолпан ҚәрібекқызыТелефон:
+7 (7172) 72-02-44Электрондық пошта:
sh.shynassylova@mfa.kzҚР СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаменті
ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхиты өңірі департаментінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының ҚХР, Шығыс Азия және Тынық мұхиты өңірі, Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттерімен екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Азия – Европа» форумы, Азиядағы ынтымақтастық диалогы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы және Орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі азиялық ұйым) дипломатиялық қатынастарды жүзеге асыру.
ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті
ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен концепциясын әзірлеу, Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Африка елдерімен және осы аймақтағы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.
Директор:
Құлатаев Бейбіт ҚазбекұлыТелефон:
+7 (7172) 72-00-93Электрондық пошта:
b.kulatayev@mfa.gov.kzҚР СІМ Ресей, Кавказ және ТМД-ның еуропалық елдері департаменті
Ресей, Кавказ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Еуропа елдері департаментінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясы, Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Молдова Республикасы және Украина елдерімен екіжақты қатынастарды дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру. Жетекшілік ететін елдермен саяси, инвестициялық, сауда-экономикалық, туристік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Директор:
Ізбасқанова Қарлығаш МыңсейітқызыТелефон:
+7 (7172) 72-05-68Электрондық пошта:
k.izbaskanova@mfa.gov.kzҚР СІМ Цифрландыру департаменті
Цифрландыру департаментінің негізгі міндеті Министрлікте цифрлық технологияларды енгізу және дамыту; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен бақылауын жақсарту; Министрлік қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін электрондық сервистерді енгізу; цифрлық трансформацияны, реинжинирингті және бизнес-процестерді оңтайландыруды жүргізу; ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды сүйемелдеу және дамыту; техникалық қолдау және пайдаланушыларды қамтамасыз ету; жобаларды енгізу және цифрлық бастамаларды үйлестіру шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
ҚР СІМ Адам ресурстары департаменті
ҚР СІМ Адам ресурстары департаменті жұмысының негізгі мақсаты дипломатиялық қызмет органдарының персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, дипломатиялық қызмет органдарының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттіліктерін талдау және жоспарлау, дипломатиялық қызмет органдарының кадрлық құрамын және Министрліктің кадрлық резервін қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру.
Директор:
Мақұлжанов Медет ӘметайұлыТелефон:
+7 (7172) 72-04-16Электрондық пошта:
m.makulzhanov@mfa.gov.kzҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті
ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаменттің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен элементтерін әзірлеу, мемлекет және министрлік басшылығы үшін талдамалық шолулар мен болжамдар дайындау, оның қызметін жалпы жоспарлау болып табылады.