«ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК

Қызмет

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген функцияларды іске асыруға жәрдемдесетін саладағы қызметтерді жүзеге асыру:

1) қызметтік ғимараттарды пайдалану және жөндеу, бағдарламалық-ақпараттық және көліктік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері басшыларының резиденцияларын жабдықтау функцияларын орындау;

2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет Департаменті консулдық іс-қимылдарды жүзеге асыру кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету және техникалық құжаттамаларды ресімдеу;

3) Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, өзге де мемлекеттік органдардың және шет мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қабылдауларына және басқа да протоколдық іс-шараларына қызмет көрсету болып белгіленсін.