«Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Миссия:
Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Мақсат:
-
Ұлттық бірдейлікті сақтап қуатты және жауапкершілікті ұлтқа айналу;
-
Шет елдегі отандастарды қолдау;
-
Шеттен келген отандастардың ортаға бейімделуіне көмектесу.
Міндеттер
-
Шетелде тұратын отандастардың құқығы мен еркіндігін қорғау;
-
Шетелдегі қазақ диаспорасының мәдени және интеллектуалды әлеуетін сақтау;
-
Жақын және алыс шетелдегі қазақ диаспорасымен мәдени, іскерлік және басқа да байланыстарды дамыту және нығайту;
-
Тарихи отанына оралуға ниеттенген отандастар үшін қолайлы жағдай жасау.
-
Отандастардың қоғамдық бірлестіктерімен, халықаралық, үкіметтік, үкіметаралық және құқық қорғаушы, оның ішінде олар тұратын мемлекеттегі құқықтық, мәдени-ағарту және басқа да салада қызмет көрсететін ұйымдармен ақпарат алмасу, байланыс орнату;
-
Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтардың бейімделуіне және кірігуіне қолдау көрсету және көмектесу;
-
Шетелдегі отандастардың заңды мүддесі мен еркіндігін, құқығын қамтамасыз етуде олардың ұйымдарына әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық, консультациялық және құқықтық көмек көрсету;
-
Шетелде тұратын отандастардың қазақ ұлттық мәдени орталықтары жұмысын ұйымдастыруына, қазақ тілін, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпты үйренуіне, сонымен қатар мәдени-ағарту және басқа да шаралар өткізуіне қолдау көрсету;
-
Шетелдегі отандастардың Қазақстан Республикасының оқу орындарында жоғары (арнаулы) білім алуына жағдай жасау;
-
Шетелдегі этникалық қазақтардың тарихи-мәдени мұраны сақтауы мәселесімен айналысатын қоғамдық құрылымдармен байланыс орнату;
-
Қазақстанның шекаралық облыстары арқылы шектес елдегі қазақ диаспорасымен гуманитарлық, мәдени ынтымақтастық орнату;
-
Қазақстан Республикасында және шетелде Қазақстан Республикасы мен шетелдегі отандастар бірлестігінің өкілдері, БАҚ, құқық қорғаушы және отандастар тұратын мемлекеттің басқа да қоғамдық ұйымдары, Қордың мақсаты мен міндетіне байланысы бар қазақстандық және шетелдік ресми тұлғалар қоғам қайраткерлері, заңгерлер, ғалымдар, мәселелер бойынша сарапшылар қатысатын бірлескен құрылтай, конференция, семинар, симпозиум және басқа да шаралар ұйымдастыру;
-
Ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға душар болған отандастар үшін қайырымдылық шарасын ұйымдастыру;
-
Қор үшін сыйақылар мен марапаттар тағайындау және беру, халықаралық және шетелдік ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар ерікті негізде ұсынатын мемлекетік емес қаржыға отандастардың жобаларын жүзеге асыруға немесе оқуға грант алуына жәрдемдесу, сонымен қатар Қордың негізгі бағыттары бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер өткізуге қолдау көрсету.