Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекеттік және басқа да тілдерді пайдалануды реттеуге, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында мемлекеттік тілді іс жүзінде пайдалануға бағытталған.
Тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылға қарай республика бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін – 84 % дейін, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша В2 деңгейінде мемлекеттік тілді білетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 50 % дейін, Қазақстанда өткізілетін халықаралық іс-шараларда қазақ тілін пайдалану үлесін, сондай-ақ шетелде ұйымдастырылған қазақстандық дипломатиялық миссиялар – 75 % дейін, мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі – 94 % дейін, «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі (өспелі қорытындымен) – 84 % дейін, реттелген терминологиялық қордың үлесі – 40 % дейін, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контент үлесі – 86 % дейін арттыру көзделген.
Тұжырымдаманы іске асыру туралы толық ақпаратпен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында танысуға болады. https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/834942?lang=ru
Мысалы, егер Сіз мақала дайындау үшін Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы нысаналы индикаторларының 2023 жыл бойынша мәліметтерімен танысқыңыз келсе, Сізге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құжаттар» бөліміндегі https://search.app/LXopxHqZDKgNvKL78 сілтемесіне өтуіңіз керек.
Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар тұжырымдайтын консультациялық-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша жүзеге асырады.
Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, Республикалық терминологиялық комиссия туралы ережемен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000116
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комиссиясының жұмыс органы болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар салалық терминдерді бекіту жөніндегі өз ұсыныстарын Комиссияның жұмыс органына ресми түрде жібере алады. Комиссия шешімдері «termincom.kz» сайтында жарияланады.
https://termincom.kz/termins#approved
Мысалы, Сіздің биология саласында жаңа терминдер енгізу бойынша қандай да бір ұсынысыңыз болса, Сіз Комитетке жолдай аласыз. Комитет ұсынысыңызды Комиссияның кезекті отырыстарының бірінің күн тәртібіне енгізеді.
Сіздің ұсынысыңыз бойынша Комиссия шешім www.termincom.kz сайтында жарияланады.
1983 жылы бекітілген қолданыстағы емле ережесіне қатысты қоғам тарапынан түрлі сын-пікірлер келіп түсуде. Атап айтқанда, кейбір біріккен және күрделі сөздердің, жарыспалы қолданылып жүрген сөздердің жазылуындағы әралуандылық пен кірме сөздерге қосымшалардың жалғануы – өзекті мәселенің бірі.
Осы орайда қазіргі уақытта уәкілетті орган тарапынан қазақ тілінің қолданыстағы емле ережесіне, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жұмысты жүргізу мақсатында Республикалық орфография комиссиясы құрылды. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000468
Республикалық орфография комиссиясының міндеті қазақ тілінің орфографиясы, орфоэпиясы мен пунктуация ережелерін, қазақ тілінің нормасы белгіленетін сөздіктер және анықтамалықтардың тізімін бекітеді; қазақ тілінің нормасы белгіленетін сөздіктерге қойылатын талаптарды бекітеді; орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтамалық құралдар және басқа да нормативтік дереккөздерді орфография нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық баға береді; орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық ережелер мен ортологиялық құралдарды бекітеді; тілдік норманың қалыптануы (кодификация) мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Мысалы, сіздің қандай да бір қиындық тудырып жүрген сөздің жазылуына қатысты ұсынысыңыз болса, Республикалық орфография комиссиясының жұмыс органы болып табылатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне ресми түрде жолдай аласыз.
«Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу ақысы келесі тәртіппен жүзеге асырылады: тестіленуші app.testcenter.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинет ашып, белгіленген күнге тестілеуге өтінім беруі қажет.
Мысалы, Айнур ҚАЗТЕСТ тапсыруды жоспарлап отыр. Ол үшін алдымен app.testcenter.kz сайтында тіркелуі керек. Содан кейін «ҚАЗТЕСТ» бөліміне өтіп, «Тестіленушілер үшін» батырмасын тандап, «Өтінім беру» батырмасын басу арқылы тестілеуге өтінім береді. Төлем жасау үшін тапсырыс нөмірін қалыптастыру қажет. Төлем Kaspi.kz қосымшасы арқылы «Төлемдер», одан кейін «Білім», сосын «Ұлттық тестілеу орталығы» бөлімі арқылы немесе QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.
Төлем жасалғаннан кейін ол «Жаңарту» батырмасын басу керек. Сәтті төлемнен кейін өтінім тіркеліп, «Менің тарихым» бөлімінде қолжетімді болады.
Қазақстан Республикасында тіл заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Ол нақты бұзушылыққа және оны жасаған адамға байланысты әкімшілік және басқа да нысандарда болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
75-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z75
1. Лауазымды адамның жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ тiлдi бiлмеу себебiмен оларды мәнi бойынша қарамауы – ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – жиырма АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптардың бұзылуы – ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жеке тұлғалардың тiл таңдаудағы құқықтарын шектеу, тiл белгiлерi бойынша кемсiту – лауазымды адамдарға он АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер – жиырма АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мысалы, егер Сіз мемлекеттік органға мемлекеттік тілде арыз жолдап, Сізге жауапты тек орыс тілінде ұсынса. Не істеу қажет? Сіз тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға тіл заңнамасы талаптарының бұзылғандығы туралы өтініш жолдай аласыз.
ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады.
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарына кемсітуге жасауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмысы мен iс жүргiзу тiлi мемлекеттiк тiл болып табылады, орыс тiлi қазақ тiлiмен ресми түрде тең қолданылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік және қажет болған жағдайда басқа да тілдер пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары жүйесінде есепке алу-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы жүргізу меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.
Мысалы, Сіз мемлекеттік органға ресми хат жолдадыңыз. Сіздің сұранымыңызға мемлекеттік тілде және орыс тілінде жауап берілуі мүмкін.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа да тілдерде орналастырылады.
Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26
Көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде тіл заңнамасы талаптарының бұзғаны үшін жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75-бабы 3 және 4-тармақтарында көзделген: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z75
3-тармақ. «Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптардың бұзылуы – ескерту жасауға әкеп соғады».
4-тармақ. «Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».
Мысалы, егер Сіз көрнекі ақпаратты орналастырғыңыз келсе, онда Сізге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабының талаптарын сақтау қажет. Мәтін міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы және ол дұрыс орналасуы қажет, яғни деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады.
Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры қазақ тілінің дамуына, оның лексикалық байлығын сақтауға, сонымен қатар әртүрлі салаларда лексикалық бірліктердің мақсатты қолданылуына және дұрыс жазылуына ықпал етеді.
Сөздік қоры – жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036081
Осы жүйенің тиімділігі:
– сөздердің мағынасын, этимологиясын және қолданылу моделін түсіндіретін сөздіктер базасын құру;
– пайдаланушылар әдеби тіл нормаларын сақтау үшін қажетті ережелермен таныса алады;
– қазақ тілінің терминологиялық базасының қолжетімділігі және ресми іс жүргізу үшін құжаттар қоры;
– пайдаланушылар қазақ тіліндегі жасанды интеллект үлгілері негізінде мәтіндерді әзірлеу үшін мәтіндік деректер жиынтығының нәтижесін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Мысалы, егер Сіз тарихтан, қандай да бір сөздің этимологиясының жазылуы туралы ақпарат алғыңыз келсе, Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры бұл үшін барлық мүмкіндікті ұсынады.
Салалық терминологияны жетілдіру тіл саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Салалық терминдерді жүйелеу, оларды біріздендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылды. Жыл сайын Комиссияның 6 отырысы өткізіледі, онда мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар ұсынған терминдер қаралады. Комиссияға ұсынылған терминдерге отырыстарға дейін лингвистикалық сараптама жүргізіледі және Комиссия жанынан құрылған салалық терминологиялық секциялардың отырыстарында қаралады. Комиссия бекіткен терминдер орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға, жоғары оқу орындарына қызметте пайдалану үшін жіберіледі, сондай-ақ бірыңғай электрондық терминологиялық база https://termincom.kz/termins#approved сайтына орналастырылады.
«Termincom.kz» https://termincom.kz/termins#approved сайты – көпшілікке қолжетімді ақпараттық жүйе, қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын іске асыратын сайт, терминологиялық лексиканы біріздендіруге, терминологиялық қорды толықтыруға, терминдер мен номенклатураны қазақ тілінің нормаларына сәйкес ретке келтіруге, терминдерді пайдалану тиімділігін арттыруға қызмет етеді.
Сайтты пайдаланушылар Республикалық терминологиялық комиссия бекіткен терминдермен, салалық терминологиялық сөздіктермен, ғылыми әдебиеттермен және терминология саласындағы мақалалармен таныса алады және терминологияның өзекті мәселелерін талқылауға, атап айтқанда жаңа терминдерді талқылауға қатыса алады. Терминдерді талқылау www.termincom.kz сайтының «Алаң» бөлімінде жүргізіледі.
Сайт қазақ терминологиясын жүйелеудің, терминологиялық лексиканы біріздендірудің, қазақ тілінің терминологиялық қорын толықтырудың, терминдерді реттеудің жаңа талаптарын іске асыруда ақпараттық қолдау құралы болып табылады.
Соңғы жылдары Республикалық терминологиялық комиссия бекiткен терминдерге де мониторинг жүргiзiлуде. Сайтта сондай-ақ қарызға алынған терминдерді меңгеру бойынша автоматтандырылған жүйені жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мысалы, сіз Комиссияға бекітуге ұсынылған терминді тақылауға қатысқыңыз келсе, www.termincom.kz сайтындағы «Алаң» бөліміне кіріп, өз пікіріңізді қалдыра аласыз.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа да тілдерде орналастырылады.
Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26.
Мысалы, егер Сіз көрнекі ақпаратты орналастырғыңыз келсе, онда Сізге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңы 21-бабының талаптарын сақтау қажет. Мәтін міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы және ол дұрыс орналасуы қажет, яғни деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады.