Жиі қойылатын сұрақтар
www.sozdikqor.kz порталы – әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, қазақ тіліндегі көне сөздер, кірме сөздер, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа. Sozdikqor.kz порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін бір бетте көруге болады.
Мысал:
Магистрант К. Sozdikqor.kz порталына қатысты сұрақ қойды: бұл порталдың ақпараты ресми көз болып табыла ма және ғылыми мақала жазу барысында оның материалдарына сілтеме жасай аламын ба?
Иә, Sozdikqor.kz порталы – қазақ тілінің кез келген сөзі туралы лингвистика тұрғыдан толық ақпарат алуға болатын бірыңғай цифрлық жүйе. Осыған байланысты Sozdikqor.kz порталынан алынған мәліметтерді ғылыми жұмыстарда пайдалануға болады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z21 17-бабына сәйкес мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi. Осыған байланысты мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын немесе мемлекеттік органдардың қолдауымен өткізілетін мәдени іс-шаралар, әдетте, мемлекеттік тілді пайдалана отырып ұйымдастырылуы тиіс. Қажет болған жағдайда, ұйымдастырушылар кең аудиторияға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ақпаратты, контентті немесе аударманы орыс немесе басқа тілдерде ұсына алады.
Мысал:
Қазақстан Республикасының бір қаласында дәстүрлі музыканың республикалық фестивалін өткізу жоспарлануда. Осы мәдени іс-шараны өткізу кезінде қандай тіл қолданылуы керек?
Іс-шараны ұйымдастырушылар жарнамалар, бағдарламалар мен жүргізушілердің сөздерін қазақ және орыс тілдерінде дайындай алады немесе қазақ тілін меңгермеген аудиторияға ыңғайлы болу үшін орыс тілінде субтитрлер ұсына алады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z27 ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде құруға және айналысқа шығаруға міндетті. Интерфейстің мемлекеттік тілде нұсқасының болмауы Заң талаптарын бұзу болып табылады.
Мысал:
Көкшетау қаласында ағылшын тілін үйрену курстарымен айналысатын ұйым өз интернет-ресурсын іске қосты. Бірақ интернет-ресурсқа барлық контентті ағылшын тілінде орналастырған. Бұл Қазақстан Республикасы заңнамасынның талаптарын бұзу болып табылады, себебі интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуі тиіс. Ақпарат иесінің интернет-ресурсы басқа тілдердегі нұсқаларға да ие болуы мүмкін, бұл жағдайда – ағылшын тілінде.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 «Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады». Заңның талаптарына сәйкес маңдайшаны орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000202.
Мысал:
Азамат А. шаштараз қызметтерін көрсету бойынша қызметпен айналысуды шешті. Тұрғынжайды сатып алды (жалға алды). Өз қызметін танымал ету үшін маңдайшаны орнату қажет. Маңдайшаны орналастыру үшін ең алдымен жергілікті атқарушы органдардан (әкімдік) келісім алу керек. Тұрғынжайдағы маңдайша мемлекеттік тілде немесе мемлекеттік, орыс және (немесе) басқа тілдерде болуы керек.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z27 «Ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде құруға және айналысқа шығаруға міндетті».
Техникалық қолдау қызметінде сұрауларды бастапқы өңдеу автоматтандырылған жүйе (чат-бот) арқылы жүзеге асырылады. Боттың алгоритмі пайдаланушы халықаралық жолаушылар тасымалдау қызметі inDrive (бұдан әрі – inDrive) қосымшасының интерфейс баптауларында өз бетінше таңдаған тілде ғана жауап беретіндей етіп реттелген. Осылайша, inDrive тарапынан Заңның талаптары бұзылған жоқ.
Мысал:
Азамат К. ресейлік компания болып табылатын Яндекс такси қызметін пайдаланады. Аталған компания Қазақстан нарығында ұсынылғандықтан, оның мобильді қосымшасында сондай-ақ, қазақ тіліндегі интерфейс бар. Азамат К.-ға қажетті ақпаратты мемлекеттік тілде алу үшін «Қосымша тілі» бөлімінен қазақ тілін таңдау қажет.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z11 «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады».
Мысалы, «ААА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадрлар бөлімі іс қағаздарын толықтай орыс тілінде жүргізеді. Бұл «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзу болып саналады ма?
Ия, бұл бұзушылық болып саналады, өйткені іс қағаздарды мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа тiлдерде жүргізу керек.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн».
Мысалы, сіз мемлекеттік органда жұмыс істейсіз. Басшыңыз Сізге нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу туралы тапсырма берді. Сіз актіні алдымен мемлекеттік тілде әзірлеуіңіз қажет.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады.
Мысалы, егер сіз еліміздің автомагистральдары бойында жол белгілері ақпараты қазақ тілінде жазылмаған жағдайда саладағы уәкілетті орган «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жүгінуіңізге болады.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 14-тармағына сәйкес интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000401#z16
Заңның 8-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері ақпарат иеленуші болып табылады.
Мәселен, егер сіз мемлекеттік органдардың сайтында орналастырылған ақпараттың қазақ тіліндегі нұсқасын таппасаңыз Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жүгінуіңізге болады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес реквизиттер мен визуалды ақпарат мәтіндері орфографиялық нормалар мен мәтіннің аутентті аудармасын сақтай отырып ресімделуі тиіс. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде орналастырылады, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгілері мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында өзгеріссіз нысанда пайдаланылады.
Квазимемлекеттік сектор өкілдерін, кәсіпкерлік субъектілерін (шағын, орта және ірі бизнес), сондай-ақ республика аумағында (облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда) өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық конкурсты өткізеді.