Жиі қойылатын сұрақтар
Балалар қазақ тілін өз бетінше үйрену үшін «Balatili.kz» https://share.google/fMG6c4ySeHMPBGrR6 сияқты платформа жұмыс істейді.
«Balatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.
Сайтта баланың жеке жұмысына арналған жұмыс парақтары, педагогтарға, тәрбиешілерге және ата-аналарға арналған әдістемелік парақтар ұсынылған. Грамматика мен орфографияны зерделеу бойынша материалдар, оның ішінде интерактивті әліппе мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамыту үшін тапсырмалар, аппликациялар көзделген.
Мысалы, балаңыз қазақ тілін тегін үйрену үшін «Balatili.kz»» сайтына кіріп, «Әріп», «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Сөз тіркестері», «Мәтін», «Санамақ», «Шығармашылық жұмыс», «Әдістемелік бұрыш» бөлімдеріндегі тақырыптық материалдар арқылы қазақ тілін оңай үйрене алады.
Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 115 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықтардың тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/443373?lang=kk
Аталған орталықтарда азаматтарға қазақ тілі тегін оқытылады.
Мысалы, Сіз Қарағанды облысында қазақ тілін үйренгіңіз келсе Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының сайтына https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu?lang=kk кіріп, сайтта берілген байланыс нөміріне хабарласып, тегін қазақ тілін оқыту курсына тіркеле аласыз. Осылайша кез келген азамат сайт арқылы мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік алады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 21-бабына сәйкес «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады».
Мысалы, Сіз үйіңіздің жанында орналасқан дүкенде баға көрсеткіштері тек орыс тілінде жазылғанын көрдіңіз. Бұл жағдайда Сіз «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органға шағым жолдай аласыз.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 21-бабына сәйкес «Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс».
Мысалы, Сіз балалар киімін тігумен айналысасыз. Әрбір бұйымның тауарлық жапсырмасында белгілікті ақпарат көрсетілуі керек. Тауарлық жапсырмада мемлеккттік тілдегі ақпарат міндетті тілде болуы керек.
Республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер «Termincom.kz» сайтында жарияланады. Бекітілген терминдер сайтта хронология бойынша (бекітілген жылы) және әліпби ретімен орналастырылған, терминннің бекітілген жылы көрсетілген. Бұдан басқа, сайтта 2014 жылы жарық көрген 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікке енген терминдер орналасқан https://termincom.kz/termins#approved.
Мысалы, егер 2024 жылы бекітілген терминдермен танысқыңыз келсе, сайттан «Термин» бөлімін, әрі қарай «Терминдер хронологиясын» табуыңыз керек, сонда осы жылы бекітілген терминдер барлық терминдер экранға шығарылады.
«Til-Qazyna» YouTube арнасында жыл сайын қазақ тілінде ақпараттық-танымдық және түсіндірмелі бағыттағы бейнероликтер орналастырылады және жаңартылып отырады. Бұл бейнероликтер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.
Бейнероликтердің тақырыптары қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерге қатысты таңдалады. Сол тақырыптар негізінде сценарийлер әзірленіп, бейнероликтер түсіріледі.
Түсірілген бейнероликтер YouTube-тағы Til-Qazyna арнасына орналастырылған https://youtube.com/@tilqazyna?si=2PcjmEGEZvG0p4nW.
Мысалы, сіздің балаңыз қазақ тілін үйреніп жүр және оны дамытқысы келеді. Ол қазақ тілін дамытуға арналған бейнероликтерді YouTube-тағы Til-Qazyna арнасынан көре алады.
Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілінде сөйлеуін дамытуға ықпал ететін «Балапан әлемі» журналы» 2009 жылдан бастап шығарылады. Журнал мазмұны жағынан 3-6 жастағы балалардың деңгейіне, ал талаптары жағынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031 сәйкес әзірленеді. Журналдың электрондық нұсқалары «tilalemi.kz» сайтына орналастырылған.
Мысалы, сіз 4 жастағы балаға арналған қазақ тіліндегі журнал іздесеңіз, https://tilalemi.kz/kz/library/list сілтемесі арқылы өтіп, «Балапан әлемі» журналының электронды нұсқасын оқи аласыз.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000151_#z31 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Мысалы, Сіз банкке ипотека рәсімдеуге келдіңіз, Банк Сізбен шарт жасайды. Аталған шарт 2 тілде жасалуы керек.
ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін «Қазтест» жүйесі бойынша кемінде В1 (орта) деңгей бойынша сертификаттық тестілеуден өту қажет.
https://app.testcenter.kz/auth
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650
Мысалы, Сіз шетелдік жоғары оқу орнына түсу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша ҚАЗТЕСТ сертификатын алғыңыз келді. Ол үшін өтініш беру мерзімі жарияланған уақытта https://app.testcenter.kz/auth сайтына кіріп, тіркелуіңіз қажет. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыз: https://www.instagram.com/reel/DDtjITyI8Cm/?igsh=eWZ6dnR3Y3EzcTZ5
Қазақ тілін өз бетінше үйрену үшін «Tilqural.kz» https://share.google/G5moLWTFCHe8wukSc, «Balatili.kz» https://share.google/fMG6c4ySeHMPBGrR6, «Аbai.institute» https://share.google/XX1mNS6RfvE6IjC7C,«Tilmedia.kz» https://share.google/awkAtubA19CBmgr39 сияқты сайттар мен мобильді қосымшалар жұмыс істейді
1. «Tilqural.kz» – қазақ тілін А1, А2, В1, В2, С1 деңгейінде оқытуға мүмкіндік беретін қосымша. Пайдаланушы тіркелгеннен кейін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі).
Қосымша сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде пайдалануға, еркін оқуға, өз ойларын ауызша және жазбаша баяндауға, сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерді сауатты жасауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы орындалған сабақтар бойынша статистиканы жеке кабинетінен көре алады.
Бағдарлама Android, iOS платформалары арқылы жүктеп алуға қол жетімді.
2. «Balatili.kz» үш жастан асқан балаларға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыратын тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.
Сайтта баланың жеке жұмысына арналған жұмыс парақтары, педагогтарға, тәрбиешілерге және ата-аналарға арналған әдістемелік парақтар ұсынылған. Грамматика мен орфографияны зерделеу бойынша материалдар, оның ішінде интерактивті әліппе мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамыту үшін тапсырмалар, аппликациялар көзделген.
3. «Abai.institute» 6 тілде (ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған.
Жоба аясында ел азаматтары мен АҚШ, Түркия, Франция, Германия, Австрия, Испания, Бельгия, Ресей, Иран, Чехия, Өзбекстан, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы қазақ тілін үйренуде.
Бұдан басқа, қазақ тілін оқытуға арналған әмбебап басылым (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері) орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленген, ол «Abai.institute» платформасында орналастырылған.
Портал Android және iOS жүйелерінде қолжетімді.
4. «Tilmedia.kz» – оқыту әдістемесі аудио және бейне контентке негізделген үш тілді сайт. Сайт 5 блоктан тұрады, онда тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелер туралы жаңалықтар, сабақтар, оқыту, танымдық аудиожазбалар, балалар мен ересектерге арналған бейнероликтер, аудиокитаптар, әдістемелік құралдар, көркем және балалар әдебиеті және т.б. ұсынылған.
Мысалы, Сіз А1, А2 деңгейінде қазақ тілін үйренгіңіз келеді. Бұл үшін Сіз «Tilqural.kz» қосымшасына кіріп тіркелуіңіз қажет. Сіздің деңгейіңізді анықтағаннан кейін, жүйе Сізге тиісті оқу курсын ұсынады, соның көмегімен сіз қазақ тілін тегін оқи аласыз.