Жиі қойылатын сұрақтар
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелерін бере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033345) бос білім беру гранттарын беру тек конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Бос білім беру гранттары үлгерімнің орташа балы негізінде жазғы және қысқы демалыс кезеңінде ақылы негізде, конкурстық негізде оқитын білім алушыларға беріледі.
Осыған байланысты білім алушылар жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде жоғары оқу орны басшысының атына бос білім беру грантын беру туралы өтініш беруі қажет. Бос орындар болған жағдайда өтініштер жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің отырысында қаралады.
Мысалы, азамат Н. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бірінде бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде оқиды. Оқуды жалғастырудың қаржылық мүмкіндігінің болмауына байланысты ол білім беру грантын беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Бұл жағдайда конкурстан тыс білім беру грантын беру заңнамада көзделмеген. Сонымен қатар, азамат Н. бос орындар болған кезде және белгіленген талаптарға, оның ішінде үлгерімнің орташа балы бойынша сәйкес келген жағдайда жазғы немесе қысқы демалыс кезеңінде бос білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.
«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» ҚР Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 10-бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы капитал қорының пайда алушылары оның құрылтай құжаттарымен немесе эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) құру туралы қамқоршылық кеңестің шешімімен, сыйға тарту, қайырымдылық, сондай-ақ, заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өсиетпен Нысаналы салым шартымен (шарттарымен) айқындалады.
Мысалы, егер азамат К.Қалиев қаражатты нысаналы капитал қорына аударса және сонымен бірге олардан түскен табыс студенттерге стипендия төлеуге жұмсалуы керек екенін көрсетсе, онда студенттер пайда алушылары болады, ал нысаналы капитал қоры дәл осы үшін кірісті пайдалануға міндетті.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы немесе оның сенімхатпен өкілі келесі құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемкорпорация) ұсынған кезде:
1. 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрықпен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес бекітілген формадағы өтініш https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033771;
2. жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа немесе электрондық құжат);
3. мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртектің түпнұсқасы.
Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген жағдайда қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық өтініш; апостильделетін құжаттың электрондық көшірмесі.
Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген кезде жеке басы және төлем туралы деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.
Мысалы, М. есімді азамат Англияға тұрақты тұруға кетуіне байланысты өзінің жоғары білімі туралы дипломына апостиль қою қажет деп шешті. Ол қажетті құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін Мемлекеттік корпорация арқылы жолдады. Алайда апостиль мөрі тек құжаттың түпнұсқасына ғана қойылатындықтан, М. есімді азаматқа бас тартылып қайтарылды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319) егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысының білімін бірінші рет алса, Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының азаматы аталған дәрежесі болса, магистр дәрежесін тек ақылы негізде ғана ала алады.
Мысалы, азамат М. гранттық негізде педагогикалық бағыт бойынша магистратурада оқуын аяқтап, магистр дәрежесін алды. Болашақта ол «Экономика» бағыты бойынша магистратураға түсуді жоспарлап отыр. Бұл жағдайда азамат М. көрсетілген бағыт бойынша магистратураға оқуға тек ақылы негізде қабылдануы мүмкін, өйткені ол бұрын магистр дәрежесін алған болатын.
Эндаумент-қор – эндаументтер (нысаналы салымдар) мен инвестициялық кіріс, сондай-ақ нысаналы капитал қорының меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылатын және (немесе) толықтырылатын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылатын нысаналы капитал қорының мүлкі.
«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» ҚР Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 10-бабының 2-тармағына сәйкес нысаналы капитал қорының мүлкі мыналардан тұрады:
1) жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан;
2) сенімгерлік басқару шарты (шарттары) бойынша берілген мүліктен;
3) жеке және заңды тұлғалардың нысаналы салым шарты (шарттары) бойынша берілген эндаументтерінен (нысаналы салымдарынан);
4) нысаналы капитал қоры құрылтайшыларының жарналарынан;
5) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістерден;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.
Мысалы, азамат Н.Ысқақов нысаналы капитал қорына 2 млн теңге сыйға тартты. Есептелгеннен кейін бұл сома нысаналы капитал қорының мүлкіне айналды.
Облигацияларға ақша салудың пайызы да қор мүлкінің бір бөлігі болып табылады және олар қайырымдылық мақсатында пайдаланылады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің оқудан бос уақытында оқуды жұмыспен ұштастыруға құқығы бар.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000116), мемлекеттік стипендия білім алушыларға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тағайындалады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының азаматы оқудан бос уақытында негізгі штаттық қызметкер ретінде жұмыс істей алады және стипендия тағайындау қағидаларына сәйкес стипендия ала алады.
Бұл ретте білім алушының жеке оқу жоспары жұмыс кестесіне қайшы келмеуі тиіс, яғни жұмысқа тек оқу сабақтарынан бос кезеңдерде ғана жол беріледі.
Мысалы, азамат К. Астана қаласы мекемелерінің бірінде даяшы болып жұмыс істейді және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасында оқиды. Оның жеке оқу жоспарына сәйкес сабақтар аптасына төрт рет 15:30-ға дейін, ал жұмыс уақыты 18:00-ден басталады. Бұл жағдайда азамат К. оқуды сабақтан бос уақытта жұмысымен ұштастырады және белгіленген ережелерге сәйкес мемлекеттік стипендия алуға құқылы.
Педагогикалық қайта даярлау қағидаларына сәйкес https://adilet.zan.kz//kaz/docs/V2000020147 педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) базасында педагогикалық қайта даярлаудан өту үшін арнайы емтихан тапсырады (бұдан әрі – арнайы емтихан), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес. Адамдар арнайы емтихан тапсырған жағдайда тиісті бейін бойынша курстарға қабылданады.
Білім беру бағдарламасын игеру және қорытынды аттестаттауды сәтті тапсыру кезінде педагогикалық қайта даярлау бойынша оқудан өткен адамдарға педагогикалық қайта даярлау туралы мерзімсіз сертификат беріледі.
Мысалы: мен мектепке жұмысқа орналасу үшін педагогикалық қайта даярлау курстарынан өттім. Маған қандай құжат беріледі және оны өмір бойы пайдалана аламын ба?
Сізге педагогикалық қайта даярлау туралы мерзімсіз сертификат беріледі.
Педагогикалық қайта даярлау қағидаларына сәйкес https://adilet.zan.kz//kaz/docs/V2000020147 педагогикалық қайта даярлау курстары педагогикалық білімі жоқ, педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін өткізіледі.
Мысалы: «Филология» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Мен мектепте жұмыс істеуді шештім. Мен педагогикалық қайта даярлау курстарынан өте аламын ба?
Ия, сіз бұл курстардан өте аласыз, өйткені сізде педагогикалық білім жоқ, бұрын мұғалім болып жұмыс істемегенсіз.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, https://adilet.zan.kz//kaz/docs/V1100006976 ЖЖОКБҰ студенттермен бірлесіп жеке оқу жоспарын (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына студенттің оқу жоспарын дербес қалыптастырады;
Мысалы: Мен Нархоз университетінің студентімін, жеке оқу жоспарын жасауым керек. Кімге жүгіне аламын?
Сіз университеттің тіркеушісіне немесе эдвайзеріне хабарласуыңыз керек.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006976 ЖЖОКБҰ элективті пәндер каталогын (бұдан әрі – ЭПК) қалыптастырады. ЭПК білім алушыларға жеке білім беру траекториясын жедел және икемді құру және жеке оқу жоспарын дербес қалыптастыру үшін элективті оқу пәндерін балама таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Элективті пәндерді ЖЖОКБҰ кафедралары білім беру бағдарламасы аясында ұсынады. Элективті оқу пәндерінің барлық тізімінен білім алушы өзіне қызықты пәндерді таңдай алады.
Мысалы:
Ағымдағы жылы Л.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түстім, маған элективті пәндер каталогынан білім беру бағдарламамның бейіні бойынша пәндерді таңдау керек. Қалай өтініш беремін?
Сіз өзіңіздің тобыңыздың эдвайзеріне жеке оқу жоспарын құруға өтініш беруіңіз керек. Өтініш семестрдің басында беріледі.