Жиі қойылатын сұрақтар
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханы мынадай блоктардан тұрады:
1) оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
2) эссе жазудан;
3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға қорытынды баға эссені бағалау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелерін қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:
әңгімелесуге – 20 минут;
эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
✔ International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
✔ Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;
✔ Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
✔ TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
✔ Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
✔ Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
✔ TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
✔ Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
✔ Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
✔ Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
✔ Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
✔ International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик);
✔ Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ);
✔ Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ);
✔ TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн));
✔ Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест);
неміс тілін меңгеру бойынша:
✔ Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) ;
✔ TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1);
француз тілін меңгеру бойынша:
✔ Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ);
✔ Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ);
✔ Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ);
✔ Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ);
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша);
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.
КТ-ға:
- оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін – 3 сағат 55 минут;
- оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін – 1 сағат 40 минут;
- шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 5 минут;
- араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут уақыт бөлінеді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тестілеу үшін қосымша 40 минут беріледі.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға тұлғаларды оқуға қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық бағалау жүйесіне сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша кемінде балл – 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада тұлғаларды оқуға қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін КТ қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестті қамтиды.
КТ тест тапсырмаларының саны:
оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;
КТ бойынша ең жоғары балл саны:
оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – 70 балл.
Кешенді тестілеу (КТ) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
Оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін КТ шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтауға арналған тестті қамтиды.
КТ тест тапсырмаларының саны:
оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін:
1) шет тілі бойынша тест – 50;
2) оқуға дайындығын айқындауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, талдамалық ойлау бойынша – 15;
3) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;
КТ бойынша ең жоғары балл саны:
оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 150 балл.
Электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат.
Сертификат тестілеу аяқталғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді (апелляцияға өтініш берген түсушілерді есепке алмағанда).
ҰБТ нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналастырылады.
Сертификат Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіндегі деректерді қамтиды.
Тестілеу қорытындысы бойынша компьютер экранында түсушінің тестілеу нәтижелерін талдау картасы, оның жауап нұсқасы, сондай-ақ әрбір тапсырма бойынша жинаған баллы және блоктар бойынша жинаған баллдарының жиыны және ҰБТ-ның жалпы баллы көрсетіледі.
Тест тапсырмасының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш түсушілерге тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.
Түсуші тест тапсырмасының шартында дұрыс жауапты анықтауға қажетті фрагменттің (мәтін, сызбалар, суреттер, кестелер) жоқтығын анықтаған жағдайда экрандағы «Техникалық апелляция» қосымшасына белгі қояды.
Апелляция нәтижелері өтініш берушінің Жеке кабинетінде көрсетіледі.
Апелляция нәтижелері 30 (отыз) жұмыс күні ішінде беріледі.
ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында онлайн режимде өтініш беру барысында Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар өтініш қабылдау жүйесіне өзінің мүгедектігін растайтын құжатын жүктеулері қажет және көмекші қажет болған жағдайда оны да көрсетулері тиіс.
Мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар балалар үшін (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тестілеу үшін қосымша 40 минут беріледі.
Көру аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ пәндерінің тест тапсырмаларының нұсқалары схемасыз, кестесіз, суретсіз, картасыз қалыптастырылады.
Сонымен қатар көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беріледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші адамдар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады. ҰБТ форматы: «Қазақстан тарихы» (20 тапсырма, шекті балл – 5) және «Оқу сауаттылығы» (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тест тапсыру уақыты – 70 минут.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсуші адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ арнайы пән бойынша өткізіледі.
Арнайы пән бойынша – 40 тапсырма, тестілеу ұзақтығы – 80 минут.
Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 10 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өткізіледі.