Жиі қойылатын сұрақтар

ҰБТ өту балы:

- ұлттық ЖЖОКБҰ-ға кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл, «Құқық» даярлау бағытында – кемінде 75 балл;

- басқа ЖЖОКБҰ-да – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» саласында – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласында – кемінде 70 балл, «Құқық» даярлау бағытында – кемінде 75 балл.

Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылықтан» кемінде 3 балл алу қажет.