Жиі қойылатын сұрақтар
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 811-бабына сәйкес- әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған адам анықталған кезде уәкілетті тұлға әкімшілік іс қозғайды, адамға жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті тапсырады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адам белгіленген үлгідегі түбіртекпен айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген сәттен бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы.
Жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төленген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім - заңды күшіне енді, ал адам - әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 шілдедегі №184 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесіне сәйкес, нормативтік емес құқықтық актілер, бұл жағдайда ұйым басшысының жеке құрам бойынша бұйрықтары (қабылдау, тағайындау, жұмыстан шығару туралы) 75 жыл сақталады. Ұйым таратылған жағдайда тарату іс шараларын жүргізу кезеңінде жеке құрам бойынша құжаттар ресімделеді және тиісті мемлекеттік мұрағатқа сақтауға беріледі.
Департамент бөлімінің жетекші маманы З.Березанская
Иә, нақты зиян келтіру фактісі расталған немесе фотосуреттер, бейнематериалдар және өзге де растайтын құжаттар танылатын дәлелді дәлелдемелер негізінде зиян келтіру қаупі туындаған жағдайда, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізуге болады.
Жеке (заңды тұлғалардың) өтініштерін қарау кезінде тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI 10-тарауының 73-бабына сәйкес жүргізіледі
Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тарту мынадай жағдайларда 2 жұмыс күні ішінде беріледі:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық дұрыстығын анықтау;
2) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Дәлелді бас тарту объектінің санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша объектінің санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде де беріледі.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою бойынша Сіз санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қайта жүгіне аласыз.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру объектіге шығуды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізуді көздейді. Сондықтан қызметтерді объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық Басқармалар көрсетеді.
Бұл ретте Е-лиценз электрондық бағдарламасында ведомстволық бағыныстылығы бойынша аумақтық басқармаларға қайта бағыттау функциясы көзделмеген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде өтінішті жолдау кезінде объектінің орналасқан жері бойынша Департаменттің аумақтық Басқармасын таңдау қажет.
Тұтынушы сатып алынған өнімде ГМО-ның бар-жоғын оны қолына алғанда, көзімен және иісінмен анықтай алмайды, ол үшін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қажет.
Кеден одағының "Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде" техникалық регламентіне сәйкес: егер дайындаушы тамақ өнімін өндіру кезінде гендік-модификацияланған организмдерді пайдаланбаған жағдайда, онда тамақ өніміндегі ГМО мөлшері «0,9 пайыз және одан аз» кездейсоқ немесе техникалық жойылмайтын қоспа болып табылады және мұндай тамақ өнімі құрамында ГМО бар тамақ өніміне жатпайды. Мұндай тамақ өнімдерін таңбалау кезінде ГМО болуы туралы мәліметтер көрсетілмейді.
Осыдан, егер зерттелетін өнімде құрамының пайызы 0,9-дан аз немесе оған тең болса, онда ол таңбаланбайды және зиянсыз деп саналады.
Сондықтан тұтынушыларға сатып алудан бұрын өнімнің таңбалануын мұқият зерделеу ұсынылады.
Өтінішті: 010000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113 почта мекенжайы бойынша жазбаша түрде беруге болады.
- egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы, электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде.
- сенім телефоны арқылы 8(714)2 -56-83-90 және Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіліне хабарласыңыз -8(714) 2 -21-10-58
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-бұл заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);