Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 62 - бабының 1-тармағына сәйкес-осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 41-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазалардың негізгі түрлері: ескерту, әкімшілік айыппұл салу, қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 99-бабына сәйкес-шағымды қарау мерзімі ұзарту құқығынсыз шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабының негізінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тексерудің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген хабарламалар бойынша талаптар сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі - талаптарға сәйкестігін тексеру);
2) жоспардан тыс тексерулер.
Қазақстан Республикасы Азаматтық рәсімдік-процестік кодексінің 178-бабына сәйкес-бітімгершілік келісімді оны жасасқан адамдар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде өз еркімен орындайды. Егер бітімгершілік келісім өз еркімен орындалмаған жағдайда, онда ол бітімгершілік келісімді жасасқан адамның өтініші бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындауға жатады.
Осылайша, талапкер кейіннен сот орындаушысына берілетін атқару парағын беру үшін сотқа жүгінеді. Өз кезегінде сот орындаушысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттың атқару парағын пысықтайды.