Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Азаматтық рәсімдік-процестік кодексінің 178-бабына сәйкес-бітімгершілік келісімді оны жасасқан адамдар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде өз еркімен орындайды. Егер бітімгершілік келісім өз еркімен орындалмаған жағдайда онда ол бітімгершілік келісімді жасасқан адамның өтініші бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындауға жатады.

Осылайша, талапкер кейіннен сот орындаушысына берілетін атқару парағын беру үшін сотқа жүгінеді. Өз кезегінде сот орындаушысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттың атқару парағын пысықтайды.